KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Ол-кім?.. Бұл-не?..

Балалар жаңалықтарға, қызықты мәліметтерге құмар келеді. Көбінесе, қоршаған орта жайлы, бір-біріне қарама-қайшы келетін оқиғаларды түсінгісі келіп тұрады. Осыған байланысты кезекті таңғаларлық деректер топтамасын ұсынып отырмыз.
Білім
2018-04-20

1760 жылдары ағылшын картогрофы Джон Спилсбури әлемде ең алғашқы болып пазлды ойлап тапты. Ол оны білім беру мақсатында құрастырды. Джон көз алдына Еуропаның жеке-жеке қиылып алынған мемлекеттерді елестетті. Мұндай тәсіл балалардың қызығушылығын туғызып, оларға қатты ұнады. Қазіргі таңда пазлдар білім беру саласында жақсы қолданысқа ие.

Украина, Чехия, Балтық жағалауындағы елдер, Белорус Республикасында сабақ 1 қыркүйекте басталады. Ал Данияда тұратын оқушылар тамыздың ортасынан бастап, сабаққа барады екен. Германияның оқушыларында нақты белгіленген күн жоқ, мұндағы оқу мекемелері өз жұмыстарын тамызда бастай береді. Сол сияқты Францияда да нақты күн белгіленбеген. Кейбір қалаларда балалар 1 қыркүйекте барса, кейбіреулері 15 қыркүйекте жаңа оқу жылының табалдырығын аттайды.

Испаниядағы «Білім күні» әр қалада әр түрлі болады екен. Ол сол қалалардың егінді жинап болған кезімен сәйкес келеді. Бірақ ол күн 1 қазанға дейін болуы шарт. Ал Италияда білім күні - 1 қазан. Канада, Англия, және АҚШ елдерінде жаңа оқу жылы қыркүйек айының бірінші сейсенбісінен басталса, Жапондық үкімет мектеп сабақтарын 1 сәуірден бастап оқытады екен.

Кішкентай данышпандарға арналған мектеп – Швециядағы ең үздік мектептердің бірі, білім беру нысандарымен айналысатын Rosan Bosch сәулет агенттігімен жобаланған. 2000 шаршы метрге жуық болатын мектептің ауқымды кеңістігі Лего‑саябағын еске салады. Түрлі‑түсті блоктар, ерекше қалыптағы жиһаздар, сабақ пен демалатын орындарға арналған ерекше жобаланған аймақтар және де көпфункционалды қолданысты меңзейтін нысандар – осының бәрі Швециядағы «болашақ мектептер» топтамасының айрықша белгісі ретінде ғана көрініп қоймай, бір жағынан оқушылардың кеңістікті ойлау мен сабақ оқу үдерісі неғұрлым жемістірек болуына үлесін тигізеді.

Мұндағы білім беру оқушыларды жеке ерекшеліктері мен бейімділіктеріне қарай отырып, бірнеше типті бағдарламаларға бөлуді ұйғарады. Одан басқа, мұнда ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді, тіпті бірінші сынып оқушыларының өзінде де ноутбуктері бар.

1873 жылы 15 жасар Честер Гринвуд суықтан қорғайтын әлемдегі ең алғашқы құлаққапты ойлап тапты. Ол коньки тепкенді қатты жақсы көрген. Және қыстың бір күні далада сырғанап жүріп, құлағын үсітіп ала жаздайды. Честер жылы бас киім кигісі келмей, әжесіне құлағын аяздан қорғайтын  ішіктен жасалынған ұлтанша (астар) тігіп беруін өтінеді. Ол сымнан жиек жасап, ішіктен жасалынған ұлтаншаларды біріктіреді. Оның өнертабысы жергілікті балалар мен жастарға ұнап, олар Честерге еліктей бастады. 

Честер Гринвуд  біз «құлаққап» деп атайтын өнертабысының сыртқы түрі мен құрылымын жақсартуды жалғастырды. Ол өзінің фирмасын ашып, құлақты қорғауға арналған бұйымын өндірумен 60 жыл бойы айналысты. Оның құлақты суықтан сақтайтын құлаққаптары әртүрлі аппаратураларға арналған құлаққаптарды өндірудің бастауы болды.

Әлемдегі ең алғашқы таяғы бар балмұздақтың авторы -америкалық Френк Эпперсон. Бір күні ол 11 жасында лимонады бар стаканын үйдің сыртында ұмытып кетеді. Стаканда тәтті сусынды жасауға арналған содалық ұнтақты сумен араластыру үшін салынған таяқша қалып қояды. Ертеңінде Френк,  түнде болған аяздың әсерінен сусынның қатып, таяқшасы бар цилиндрлі мұзға айналғанын байқайды. Сонымен, 1905 жылы таяқшасы бар балмұздақ ойлап табылды.

18 жыл өткен соң есейген Эпперсон өзінің өнертабысын бизнесте пайдаланып, мұздалған лимонадты сатуға шығарады. Ол тегін «айсикл» (icicle-мұз) сөзіне қосып, өзінін «тәтті мұздарын» «Эпсикл» деп атады. Кейінірек Еуропада белгілі «попсикл» сөзіне өзгертілді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз