KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Игілігі мол әлеуметтік жоба

Еліміз – ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын азаматтардың тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған әлеуметтік мемлекет қатарында.
Білім
2018-04-24

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші әлеуметтік бастамасы аясында ағымдағы жылдан бастап білім беру гранттарының саны 20 мыңға артты.

Оның 11 мыңы - техникалық мамандықтарға, 5 мыңы - еңбек нарығындағы сұранысқа ие басқа мамандықтарға, 3 мыңы -магистратураға және 1 мыңы - PhD докторларын даярлауға бағытталатын болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 66 389 құрайды.

Бұдан басқа, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша жоғары білімі бар мамандарды дайындау құны - 346,6 мың теңгеден 635,8 мың теңгеге дейін өсті.

Қазіргі таңда, мемлекеттік білім беру тапсырысының ұлғаюын ескере отырып, мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік кадрларды даярлауға, оның ішінде ақпараттық технология, робототехника және нанотехнология саласына ерекше назар аударылатын болады.

Бұл әлеуметтік реформалар білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында талап етілетін мамандардың жаңа тобын қалыптастырады.

Тағы бір өзекті мәселе, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет үшін өңірлерден қалаларға білім алуға келетін жастарға жағдай жасау маңызды. Республика бойынша  басқа қаладан келетін студенттердің жалпы саны 204 869 адамды құрайды.

Бағдарлама бойынша, жатақханалардың құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінде басталады.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз