KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Отбасылық бизнес – құт-береке бастауы

Отбасылық бизнес - бүкіл әлемге таралған кәсіпкерліктің түрі. Мысалы, бірқатар Еуропа елдерінде, Жапонияда компаниялардың 70%-дан астамы отбасылық (туыстық) бизнес үлесіне жатады екен.
Бизнес
2018-07-13

Осылай шағын кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүргендердің үлесі біршама артуда. Танымал компания-корпорациялардың тарихына көз жүгіртсек, алғашында отбасылық кәсіп ретінде бастау алғанын аңғаруға болады.  Күллі әлемге танымал Samsung корпорациясы бір отбасының бизнесі екені осыған дәлел.  XX ғасырдың 30-40 жылдары ауылдық жерде ашылған дүкеннің негізінде өркен жайған бұл отбасылық бизнес жылдар бойы тамырын кеңге жайып келеді. Компанияның атауы «үш жұлдыз» деген мағына береді. Үш жұлдыз яғни, үш арман  бұл – үлкен, мықты және мәңгілік компания құру дегенді білдіреді. Компанияның ғасырға жуық уақытта тек қана қарыштап дамып келе жатқанына қарағанда, алға қойған арман-мақсаттары орындалды деуге болатын секілді.

Бүгінде қазақстандықтар отбасылық бизнес құруға ден қойды. Әлемнің дамыған елдерінде атадан балаға мұра болып қалатын кәсіп экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан мұндай кәсіпкерлерге қаржы институттары да қолдау көрсетіп отыр. Солардың бірі- шағын наубайхана түріндегі кәсіп.  Шағын наубайхана түріндегі кішкене бизнестің ірі нан-тоқаш комбинаттары алдында бірқатар артықшылықтары болады.

Біріншіден, өндіріс өте икемді, әрі өнім сұрыптамасы жаңартылады және өзгертіліп отырады.

Екіншіден, ірілерге қарағанда шағын наубайханалар өндірісті оңтайландыру оңайырақ.

Үшіншіден, өнімді сатуды ұйымдастыруда сұраныс жоғары деңгейде.

Төртіншіден, шағын наубайхананы ашу үшін зауытты ұйымдастыруға қарағанда қаржылық қаражаттар азырақ талап етіледі.

Бесіншіден, бизнесті барлық отбасы жалдауға және қызметкерлердің үлкен штатын ұстауға шығынданбай жүргізе алады.

Азық-түлік өнеркәсібінің осы сегментіндегі сапалы өнімге сұраныс жоғарырақ болады және жақсы беделге ие болып, өз бизнесін тұрақты табысқа айналдыру көзіне айналдыруға болады.

Мамандар бүгінгі күні аса перспективті бизнес бағыттарының бірі нанның ұлттық сұрпын өндіру деп есептейді. Бауырсақтарды, диеталы немесе қоспалары бар нандар өндірумен шектелуге болады.

Іске араласпас бұрын нарықты жете зерттеу керек. Бәсекелестердің өнімін талдай келе, артықшылық бойынша маркетингтік талдау жүргізу керек. Бұл өз мүмкіншіліктерін бағалауға, сатып алушылардың қажеттілігін білуге және баға саясатына нақтылауға мүмкіндік береді.

Келесі маңызды міндет – орналасқан жерін таңдау. Жоғары өтімділігі бар орындарға артықшылық берген жөн. Бұл өз бұйымдарын тікелей клиенттерге сатуға мүмкіндік береді. Наубайхананы ұйымдастыру үшін жартылай жертөлелер жарамайды. Онымен қоса, цехта су құбыры, жақсы желдету және персоналдарға арналған әжетханалар, шикізат үшін қоймалар, өнімдерді қаптау үшін жеке бөлме міндетті түрде болу керек.

Наубайхананы қажетті жабдықтармен: ұн елеуіштер, қамыр дайындайтын аппарат, тік шкафтармен, пештермен, қамыр шайқайтын машиналармен, шикізатты сақтау үшін стеллаждармен, технологиялық салмақтармен, қаптау машиналарымен және басқа инвентарлармен қамтамасыз етілуі керек.

Үнемдеу мақсатында сауда үшін бөлмені жалдауға кететін қаржылық және кадрлық ресурстарды шығынданбай қажеттілігісіз өнімді тікелей наубайханадан сатуды ұйымдастыру керек.

Шағын наубайханаларды ашуға кететін шығындар келесілер: санитарлы белгілерге жауап беретін кең ғимаратты жалдау, жабдықтар мен шикізаттарды сатып алу, персоналды жалдау және күту. Дұрыс жайғастыру кезінде және жақсы беделінде жоба өзін бір жылда – жарты жылда ақтап шығуы мүмкін.

 

 

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз