KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Цифрландыру-медициналық қызмет сапасын арттырады

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Денсаулық
2018-04-24

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру шеңберінде бірінші кезекте, денсаулық сақтау ұйымдарының IT-инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажет.

Бүгінде 6 283 денсаулық сақтау объектісінің  3 050 объектісі  интернетке қосылған. Медициналық ақпараттық жүйелермен  731  медициналық ұйымның 624-і қамтылған.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу үлесі 87,6% құрайды. 2019 жылғы 1 қаңтарға қарай аудандық орталықтарды қоса алғанда, бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Денсаулықты қамтамасыз етудің негізгі факторы саламатты өмір салты және денсаулықты қалай нығайтуға және сақтауға, ал сырқаттану кезінде – қалай сапалы медициналық қызметтерді алуға болатындығы жөніндегі нақты және ыңғайлы ақпаратты алу мүмкіндігі болып табылады.

Электрондық денсаулық паспорты денсаулықтың экожүйесін цифрландыруда басты рөлдердің бірін атқарады. Электрондық денсаулық паспортын қалыптастырудың өмірлік циклін 4 деңгейге бөліп қарастырады:

1) талдау жүйелері, медициналық статистика, ауқымды деректер – талдау деректерін жинау, өңдеу және ұсыну процестерін қамтиды.

2) медициналық  қызметтердің сапасын басқару жүйесі мен төлем жүйесі –  медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған процестерді кешенді автоматтандыруға арналған;

3)  емдеуші дәрігер қойған диагноздар – медициналық көмек көрсету шеңберінде анықталған аурулар туралы ақпаратты қамтиды;

4) пациенттер туралы деректер – жеке тұлғаның демографиялық және әкімшілік деректерін қамтиды. 

Халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық деңгейі:
2018 жылы – 44%,
2019 жылы – 49%,
2020 жылы – 55% болады деп күтілуде.

Медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу «нақты  деректерді» қалыптастыру есебінен медициналық деректерді және медициналық құжаттаманы қағаз қолданбай жүргізуге көшіру үшін мүмкіндік береді. 2018 жылғы қаңтардан бастап  4 өңірде (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары) медициналық құжаттаманы қағаз қолданбай енгізу процесі басталды. Бұл жобаның шеңберінде қағаз нысандарынан көшіру кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру процесі жаңа заңнамалық нормаларды әзірлеп, бекітуді қажет етеді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз