KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Алматыда Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада өтеді

2019 жылдың 10-14 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізіледі
Жаңалықтар
2019-01-10

2019 жылдың 10 қаңтарында сағат 15.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Студенттер Сарайында (әл-Фараби д., 71/24) математика, физика және информатика пәндері бойынша ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатында 18 елден келген 80 команда мен халықаралық дәрежедегі қазылар алқасының мүшелері таныстырылады. Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері келеді деп күтілуде.

Биыл дәстүрлі олимпиадаға Ресей, Түркия, Грузия, Белоруссия, Болгария, Дания, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Түркіменстан және АҚШ  секілді әлемнің 18 елінен 520-дан астам оқушы қатысады.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Білім және ғылым министрлігі аясында «Дарын» РҒПО, Халықаралық IT университетінің және Сулейман Демирел университетінің ақпараттық қолдауымен өткізіліп келеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар арасында жеке рейтинг жасалынады және арнайы мектептерден құралған командалардың үздіктері анықталады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиаданың мақсаты оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық әріптестікті нығайту, әлемдегі үздік мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынас орнату, олимпиада ұйымдастыру мен өткізу жағынан тәжірибе алмасу және Қазақстанның білім және мәдениет әлеуетін паш ету болып табылады.

Олимпиаданы жабылуы мен сайыс нәтижелерін жариялау салтанаты 2019 жылдың 14 қаңтарында, сағат 15.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттер Сарайында өтеді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз