KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Әйелдерге қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенция шеңберіндегі Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес, мүгедектігі бар әйелдердің мұқтаждығын ескере отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жаңалықтар
2019-11-28

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қамқорлығымен, БҰҰ қорының ҚР-дағы ЮНФПА-ның халқы саласындағы техникалық қолдауымен және «Қақтығыстарды болдырмау қоры, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесу» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания елшілігінің қаржылық қолдауымен өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, жетекші діни конфессиялар, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері, ҚР Ұлыбритания елшілігінің өкілдері қатысты.  

Дөңгелек үстелді ашқан Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Е. И. Тарасенко Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңның жаңа редакциясы бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл заң жобасы зорлық - зомбылықтың барлық нысандарын – физикалық, психологиялық, жыныстық, экономикалық қамтиды және алдын алу мен ведомствоаралық ден қоюдың кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

Іс-шара аясында гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қою тетіктеріне ерекше мұқтаждықтарын біріктіру үшін әртүрлі мүгедектік түрлерімен адамдардың қажеттіліктерін бағалау жөніндегі зерттеу нәтижелері талқыланды. Бұл мәселені зерттеу БҰҰ қорының халықтың қоныстануы саласындағы техникалық қолдауымен жүзеге асырылды. Талдау шеңберінде Қазақстанның гендерлік теңдік және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы мен мемлекеттік саясатына шолу жүргізілді және осы санаттағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы фокус-топтардың өкілдерімен сұхбат жүргізілді.

Сондай – ақ, дөңгелек үстел жұмысында тұрақты даму мақсаттарының жаһандық күн тәртібіндегі «Ешкімді артта қалдырмау» қағидаттарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ерекше мұқтаждықтарын есепке алу бойынша озық тәжірибені пайдалана отырып, гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қоюдың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз