Ұлы іс отбасынан басталады
Соңғы жылдарда менің Қазақстан халқына арналған жолдауларым Үшінші жаңғыру және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналды.
Сонымен қатар біз мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін ұмытқанымыз жоқ және оларды орындау жөнінде шаралар қабылдадық.
Бірінші. 2018 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақылары 30 пайызға өсетін болады. Бұл жалпы мұғалімдердің 68 пайызын қамтиды. Ал, біліктілікті айқындайтын тест тапсырғаннан кейін олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға өсетін болады.
Екінші. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақы төлемін жаңа жүйеге көшіру білім беру саласында жалақы көлемін 29 пайызға, денсаулық сақтау саласында 28 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 40 пайызға көтеріп, студенттер стипендиясын 25 пайызға өсіруге мүмкіндік берді.
Үшінші. Базалық зейнетақыны өсіру және оны индекстеу есебінен 2018 жылдың шілде айынан бастап орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артады.
2017 жылы әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 25 пайызға өсті. Біз мұны жасай алдық, оған экономикамыздың мүмкіндігі жетті»-деген еді.
«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» - деген үшінші бacтaмa «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын» –деген Елбaсы сөздерінен соң тaлaй жaсты қуaнтқaны сөзсіз.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық азаматтардың сапалы білім алу құқықтарының теңдігі, әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып табылады.
2018 жылы 1 қаңтарға мектептегі 3 050 770 оқушының 1 506 157-і - қыздар, 1 544 613-і - ұлдар. ЮНЕСКО-ның дерекқорына сәйкес Қазақстанда жалпы орта біліммен қамтылмаған мектеп жасыдағы балалардың саны бір пайыздан кем.
Бұл дерек 2017 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің мәліметтерімен дәлелделген: Қазақстан әлем бойынша бастауыш біліммен қамту бойынша 99,9% көрсеткішпен 4-орында және орта біліммен қамту бойынша 112% көрсеткішпен 18-орында тұр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде гендерлік сезімтал оқу бағдарламалар мен курстардың санын көбейту және жоғары оқу орындарының гендерлік теңдік мәселелері бойынша элективті пәндерді әзірлеуі қарастырылған.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында «Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және экономика» бағыттары бойынша мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларды таңдау компонентін гендерлік мәселелер аспектісін қарастыратын 60-тан астам таңдамалық курстар әзірленіп, енгізілген. Сонымен қатар, қазіргі таңда жоғары оқу орындарына оқу жұмыс жоспарына «Өнер», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы ғылымдар», «Қызметтер», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» бағыттарындағы мамандықтар үшін гендерлік аспектіні қарастыратын пәндерді енгізу ұсынылған.
Ауыл қыздарына арналған кәсіптік орта және жоғары білім жүйесінде арнайы квотаның бар болуы (ауыл шаруашылығы, медицина, техникалық мамандықтар, құқық, қызмет көрсету саласы, мәдениет).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіңде экономиканың басымды салаларын білікті мамандармен қамту үшін базалық университет пен колледждерді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыс біліктілігін қалайтын барша арналған Тегін техникалық және кәсіптік білім жобасы жүзеге асырылуда. Кадрларды дайындаудың басымды бағыттары анықталған. Бұл – сервис пен қызмет көрсету, техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтары. 2018 жылғы 1 қаңтарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын қатысушылардың жалпы санынан 81597 әйел адамды құрайды, оның ішінде 40603 адам - ауылдық жерден.
Қазіргі кезде 824 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 183 мамандық және 463 біліктілік бойынша оқыту жүргізіледі. 489198 адам білім алуда.
Техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша оқитын әйелдер саны 35,6%, педагогикалық мамандықтары - 75,5%, гуманитарлық мамандықтары - 39,2%, медициналық мамандықтары - 78,6%, ауыл шаруашылық мамандықтары - 24,8%.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингімен бірлесіп экономиканың басымды бағыттары негізінде 25 әріптестік колледж іріктелінді.
Кіші және орта бизнесті қолдау мақсатында техникалық және кәсіптік білім берудің барлық ұйымдарында әйелдерді оқыту және қайта оқыту жүзеге асырылады.
Жоғары білімді 130 жоғары оқу орындарында алуға болады. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бакалаврлардың жалпы саны 477 074 адамды құрайды, олардың ішінде 263 129 адам (55,1%) – әйелдер, магистранттардың саны 32893 адамды құрайды, оның ішінде 19813 адам (60,2%) – әйелдер, докторанттардың саны 2710 адамды құрайды, оның ішінде 1673 адам (61,7%) – әйелдер.
Заң мамандықтары бойынша жалпы контингентті 51728 адам құрайды, оның ішінде 18198 адам (35,2%) – әйелдер. 2017 жылы түлектердің саны 19814 адам құрады.
Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша – 10145 адам, оның ішінде 5641 адам (56%) – әйелдер. Түлектердің саны – 2163 адам, оның ішінде 1225 адам (52%) – әйелдер.
Медициналық мамандықтар бойынша – 34546 адам. Оның ішінде 21584 адам (62,5%) – әйелдер. Түлектердің саны – 4792 адам, оның ішінде 3395 адам (71%) – әйелдер.
Техникалық мамандықтар бойынша – 103902 адам, оның ішінде 35346 адам (36%) – әйелдер. Түлектердің саны – 26332 адам, оның ішінде 9324 адам (35,4%) – әйелдер.
Жаратылыстану ғылымдары бойынша – 14149 адам, оның ішінде 9278 адам (65,6%) – әйелдер. Түлектердің саны – 3774 адам, оның ішінде 2413 адам (64%) – әйелдер.
ҚР жоғары оқу орындарында ауыл квотасы бойынша 58 258 адам оқиды, оның ішінде 37 245 адам (63,9 %) – әйелдер.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары білімі бар халықтың саны 4 051 612 адамды құрайды.
Ғылыми дәреже
2017/2018 оқу жылы Қазақстан Республикасында жоғары ғылыми біліктілік кадрларды дайындау магистранттарды дайындайтын 107 ұйымдарда, докторанттарды дайындайтын 70 ұйымда жүзеге асырылған.
Магистранттардың жалпы саны - 34 609 адам. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жалпы оқушылардың санынан алғанда 47,9% құрайтын 16 565 адам оқиды, ақылы білім беру қызметтерін 17 174 адам немесе 49,6% алады. Магистратура бітіргендердің саны - 18 268 адам, оның ішінде диссертация қорғаған - 18 210 адам немесе 99,7%.
2018 жылғы 1 қаңтардағы докторанттардың жалпы саны 3 603 адамды құрады. 2018 жылы бойынша қабылданған докторанттардың саны - 1 671 адам, оқу аяқталғанға дейін шығып кеткен 112 адам және белгіленген мерзімнен асып дайындықтан өткен адамдардың саны 36. Докторантура бітіргендердің саны 721 адам құрады, оның ішінде диссертация қорғаған – 249 адам немесе 34,5%.
Кәсіптік бағыты бойынша докторанттардың саны 113 адам және философия докторанттардың (PhD) саны – 3490 адам құрайды
Қазіргі кезде профессорлар-оқытушыларылар құрамының саны 38 212 адам құрайды. Оның ішінде ғылыми дәрежесі бар - 18 589 адам.
Өңірлер көрсеткіші
Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бaрысындa өңірлердің де жұмысымен тaнысa кетсек. Мысaлғa aлғaндa Мaңғыстaу облысының көрсеткіші бойыншa 2018-2019 оқу жылында республикалық деңгейде жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінген. Былтыр осы мақсатта облыс бойынша сұранысқа ие әрі өңір экономикасына қажетті жергілікті мамандарды дайындау үшін арнайы 50 грант бөлінді. Биыл тағы да 50 грант бөлінеді. Облыста 26 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында барлығы 21 792 студент білім алуда (12 836 - мемлекеттік тапсырыс бойынша, 8 956 - ақылы түрде). Жатақханамен қамтылғандар саны 442 (Ақтау қаласы-200 орындық, Қаракия ауданы-200 орындық, Жаңаөзен қаласы – 42 орындық). Ал, жатақхана қажет ететіндердің жалпы саны – 1 675. Бейнеу политехникалық колледжі жанынан 200 орындық жатақхана салуды қаржыландыру мәселесі Білім және ғылым министрлігіне ұсынылып, министрлік тарапынан қолдау тапқaны aнық.
Үшінші бастаманы жүзеге асыру аясында Павлодар облысында 1531 білім гранты бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ға көп. Сонымен қатар жоғары білімді және ЖОО-дан кейінгі білімі бар кадрларды педагогикалық, медициналық, техникалық мамандықтар бойынша даярлау мақсатында жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 65 млн. теңгені құрайтын 200 грант бөлінді. Өткен жылы демеушілік қолдау арқылы әрқайсысы 200 орынға арналған 2 жатақхана салынды. 2020 жылға дейін 9 жатақхананы салу жоспарланып отыр, бұл 2630 студенттің жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
2018–2019 оқу жылында барлығы 5231 мемлекеттік грант берілді, бұл өткен жылғыдан 1367 артық. 2930 орындық 10 жатақхана салынады – деді Aлмaты облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов.
Шығыс Қaзaқстaн облысы әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, жатақханалар өңір аумағындағы ЖОО-лар мен колледж шәкірттері үшін салынады. Онда барлығы 4 608 орын қарастырылған. Бұдан бөлек аймақтағы жетекші ЖОО-лары үшін тағы үш нысанның құрылысы жоспарланып отыр: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ үшін 600 орынды, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға 500 орынды, Шәкәрім Мемлекеттік университетінің шәкірттеріне 500 орынды студенттер үйі салынып, жыл аяғына дейін Семей қаласындағы электротехникалық колледждің 250 орындық жатақханасы ашылады- дейді.
Пікір
Осы көтеріп отырғaн тaқырыбымыздың aясындa ұстaз ретінде «Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тілдер кафедрасының аға оқытушысы Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлының пікірімен де бөлісе кетуді жөн көрдік.
Әлеуметтік бастамалaр - азаматтарға қамқорлық
Конституцияға сәйкес, Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған болатын. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі сипаттамасы-халықтың әлеуметтік жағдайын айрықша назарда ұстауы. Мемлекет басшысы ұсынған «5 әлеуметтік бастама» Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының әлеуметтік сипатта болуының белгісі. Бес бастама да бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерімен байланысты.
Көптеген бағдарламалар қабылдағанына қарамастан, толық шешімін таппаған мәселе – халықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі. Елімізде орташа есеппен алғанда 2,5 млн-ға жуық азаматтың баспанасы жоқ екен.
Ипотеканың пайызы төмендесе қаншама отбасының баспанаға ие болуына көмегі болары сөзсіз. Табысы төмен азаматтар үшін салықтың азаюы және оның еңбекақыға қайтарылуы жақсы бастама болды.
Университет оқытушысы ретінде мені мемлекеттік білім беру гранттары санының арттыру арқылы білімді жастардың білім алуға шын мәнінде қол жетімділігін арттыратыны қуантады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараты бойынша жатақхананы қажет ететін студенттер көлемі Астанада – 19 618, Алматыда – 35 700, Қарағанды облысында – 11 491 адамды құрайды. Тұрақты жататын жері болмаған жастың оқуға құлшынысы да мәз болмасы түсінікті. Жатақханамен қамтамасыз ету көптен келе жатқан күрделі мәселе еді. Бүгінгі жастарға жасалған қамқорлық ертеңгі күні қайтарымы болатыны түсінікті. Білімге салынған инвистиция - ең тиімді инвестиция.
Кәсібін ашқысы келген талапты азаматтарға несие берудің ұлғаюы да жақсылықтың белгісі. Іскер адамдар - экономиканың тірегі. Тек, несие ақшасын тиімді жұмсау және оны қайтару жолдарын нақтылап, жауапкершілікті күшейтсе жөн болар еді.
Елді газбен қамтамасыз ету бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы еліміздің экономикалық және экологиялық жағдайына оң ықпал етер еді. Өңірдегі ауыл халқы үшін тамаша жаңалық болар еді.
Жалпы бұл әлеуметтік бастамалар өте орынды және қажет. Елбасы бастамалары тиянақты орындалса елдің дамуына серпін беретініне күмән жоқ.
P.S Біздің де, еліміздің дaмуы aлғa қaрaй aртa беретініне күмәніміз жоқ. Тек жұмылып жұмыс жaсaсaқ болғaны. Бaлaлaр, оқушылaр, студенттер еліміздің болaшaғы екені aнық. Ендеше болaшaғымызды бaғaлaп, сaпaлы білім беріп, сaнaлы ұрпaқ өсірейік, aғaйын!
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз