KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Жалынды жастар жылы

Биыл Маңғыстау облысында Жастар жылына орай 100 шара өткізіледі. 3000 орындық жатақхана салынып, 200 ден астам жасқа үй алуға несие беріледі.
Жаңалықтар
2019-01-04

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 145 657 жас бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 22,1% құрайды. Қалаларда – 70 174, ауылдық жерлерде 75 483 жас тұрады.    

«Облыстық жастар ресурстық орталығы» директоры Досан Жеткізгеннің айтуы бойынша, аймақта 8 жастар ресурстық орталығы  қызмет атқарады, оның ішінде 1-облыстық және аудан, қала деңгейінде, 7-«Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері.

Елбасының Жарлығымен 2019 жыл – «Жастар жылы» болып жарияланды. Осы орайда, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, барлық басқармалар мен департаменттер, қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, 2019 жылға арналған жол картасы аясындағы 100 нақты шараны іске асырады.

Оның ішінде 2 ірі халықаралық шара ұйымдастыру көзделіп отыр. Бірінші, тамыз айында Ақтау саммитінің 1 жылдығы аясында Маңғыстауға шекаралас мемлекет жастарының «Жастар достығы – 2019» форумы.

Екінші халықаралық ауқымды шара–Жастар марафоны. Мамыр айына жоспарланған шараға тек Каспий маңы емес, дүниежүзі елдерінен ниеттілер қатыса алады. 

Республикалық деңгейдегі шаралар:  Маусым айында «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» мақалалары аясында «Өз тарихыңды танып біл» атты жастардың республикалық экспедициясы жоспарлануда. Ауқымды экспедиция Маңғыстаудан бастау алады, одан әрі Атырау (Сарайшық, Исатай, Махамбет кесенелері), Орал (Бөкей орда), Ақтөбе (Қобыланды батыр кесенесі), Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Есік қорғаны, Астана қалаларын араламақ.

«Туған жер upgrade» Шерқала немесе Айрақты тауы етегінде өтетін көшпелі жастар кездесу-тренингі. Республика бойынша «100 жаңа есімге» енген, жетістікке жеткен тұлғалар шақырылады. Жас блогерлердің медиа-туры қыркүйек айына жоспарланған шараға әлеуметтік желіде танымал жастар, вайнерлер қатыстырылмақ.

Арнайы гранттар, жұмыспен қамту және жатақхана мен үй мәселесі

Әлеуметтік грант әлеуметтік жобаны іске асыруды көздеген жастарға Бүкіләлемдік банк 1 млн теңгеге дейін қаржы бөлмек. Олар өндірген өнім сатылымға емес, балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Өңірдің жас ғалымдарын инвесторлармен таныстыру, оларды халықаралық көрмелерге қатыстыру және еңбегін таныту мақсатында «Жас ғалымдар» форумы өтеді.

Жастардың сапалы білім алуы үшін облыс әкімінің арнайы гранты бөлінеді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 600-700-ге жуық жасты оқуға тарту жоспарланып отыр.

Өткен жылы 9119 жас жұмысқа орналасқан. Жарты жылда бір рет облыстық қоғамдық тыңдау өткізілмек. Еңбек нарығына қажет мамандықтар картасы әзірленіп, оқу орындарына таратылатын болады.

«Жасыл ел» бағдарламасымен жаз айларында жұмыспен қамтылатын жастар саны 1500-ге жетпек.

Қазір «7-20-25» бағдарламасымен 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы екен. Сонымен қатар, 3000 орындық жатақхананың құрылысы басталады. Ал «Дипломмен алуға» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жасқа үй алуға несие беріледі.

 

 

 

 

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз