KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Кітап - рухани қазына

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай «Отбасым» редакциясы әлемдегі танымал кітапханаларға талдау жүргізді.
Кітапхана
2018-04-23

Йель университетінің кітапханасы

Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар, көне қолжазбалар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.

Конгресс кітапханасы

Вашингтонда орналасқан АҚШ-тың ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Үкімет органдарына, зерттеу мекемелеріне, ғылыми қызметкерлерге, жеке фирмалар мен өндірістік кәсіпорындарға, мектептерге қызмет көрсетеді.

Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.

Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс Кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар.

Хосе Васконселос атындағы кітапхана

Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006-жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі философ, мемлекет қайраткері - Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.

Британдық Кітапхана 

1973 жылы 1 маусымда құрылған Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы.

Кітапхана Лондонда орналасқан. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса, 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар.

Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Сонымен қатар Google қолданушылары кітапхана ақпараттарын қарай алады және оларға керекті мәліметтерді көшіруге мүмкідік берілген.

Александрия кiтапханасы, Искандерия кітапханасы

Б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда (Мысыр) көрнекті ғалымдардың (Зенодот, Каллимах, Аристарх) қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры бар.

Бұл кітапханада гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан бөлек, шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған.

Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы 

Ортағасырлық кітаптарға бай кітапханалардың бірі.  Мұнда шамамен 160 000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. 400-ге жуық кітаптың жазылғанына мың жылдан аса уақыт өткен.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз