KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қамқор әке — бақытты балалық

1 маусым күні Ақтөбе қаласында «Қамқор әке — бақытты балалық» атты ІІІ республикалық әкелер форумы болып өтті.
Жаңалықтар
2018-06-05

Форумның мақсаты - қоғамның назарын әкенің рөлі мен әкенің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосатын үлесі мәселелеріне аудару. 

Айтулы шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының отбасына, отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлетінін айта келіп, еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген әкелерге шынайы ризашылығын білдірді.

Сонымен қоса, үлгілі әкелердің мәртебесін арттыру мақсатында Әкелер аллеясын салу жоспарда екенін жеткізді.

Республикалық форумға еліміздің әр өңірінен делегат,  Ұлттық комиссияның басшылығы мен мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, үлгілі әкелер қатысты.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменнің сөзінше, елімізде 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдама бекітіліп, жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл сайын үлгілі отбасыларды насихаттайтын «Мерейлі отбасы» байқауының да  өтетінін баяндады.


Бала тәрбиесінде әкенің беделін одан әрі арттыру үшін жыл сайын өтетін республикалық әкелер форумының аясы кеңейіп, бүгінде үлкен пікір алмасу алаңына айналып келеді. Қазіргі таңда өнегелі әкелерді ұлықтайтын бұл шараға ұлттық комиссия да үлкен мән беріп отыр, — деді Л.Сүлеймен.

Шара соңында еліміздің барлық өңірінен келген үлгілі әкелерге ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан алғыс хат табысталды.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз