KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

100-ден астам оқытушы мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибемен танысты

ҚР Президенті жанындағы Медициналық орталықтың «Қарлығаш балабақшасының» оқытушылары елорданың мектепке дейінгі мекемелерінің 100-ден астам қызметкеріне мектепке дейінгі тәрбие саласындағы үздік тәжірибені тарату мақсатында семинар өткізді.
Жаңалықтар
2019-04-29

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беру басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері қатысты.

Медициналық орталық басшысының орынбасары Гүлнар Абдуллина балабақшаның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға арналған ресурстық орталығы болуына дайын екендігін атап өтті.

10 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Медициналық орталықтың қолдауымен біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибені үйреніп, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігіне және медициналық көмекке қатысты нормативтік құжаттарды әзірледік және әзірленген әдістемелермен министрлікпен бөлісуге дайынбыз, - деді ол.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі балалар орталығының директоры Ольга Күмісбекова еліміздің ең дамыған балабақшасының бірегей тәжірибесін қала ішінде ғана емес, бүкіл елге таратуды ұсынды.

Тәжірибені тарату - педагогикалық дағдыларды жетілдірудің бір түрі. Бұл біздің жұмысымыздың ең маңызды аспектісі, өйткені сапалы білім сапалы кадрларға байланысты, - деді ол.

Семинарға қатысушылар балаларға 4K моделі: шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдылар және командалық жұмыс дағдыларын үйретудің инновациялық әдістерімен танысты. Бұдан бөлек, мастер-класс пен экскурсиялық квестер ұйымдастырылды, сондай-ақ цифрлық технологиялар, соның ішінде Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей «виртуалды музей» жобасы көрсетілді.

Семинар аясында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы арасында педагогикалық тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Семинар 2018 жылдың 5 қазанындағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды, онда ерте жастан бастап ойлау, ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың, сондай-ақ 4K моделінің маңыздылығы атап өтілді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз