KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

IV Республикалық әкелер форумы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Ақмола облысының әкімдігімен және «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қазақстанның ең әсем жерлерінің бірі - Бурабай кентінде IV Республикалық әкелер форумын өткізді.
Жаңалықтар
2019-09-13

Форумның жұмысына Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, сондай - ақ еліміздің барлық аймақтарынан делегаттар -  үлгілі әкелер қатысты.

«Біздің елімізде отбасы басшысы барлық уақытта амандық пен тұрақтылықтың ұйытқысы болды. Ертеңгі күнге деген сенімділікті көрсетті. Бүгінде қоғам батылдық, әкелік күш пен қамқорлықтың жарқын мысалдарын қажет етеді. Дәл әкелерден балаларға алға мақсат қоюшылық, батылдық және жауапкершілік сияқты мінез - құлықтың ерлер үлгісінің қасиеттері беріледі», - деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова форумның ашылу салтанатында.

Форум модераторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бүгінгі таңда балалардың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы отбасы басшысының рөлін нығайтуға қоғамның назарын аудару мәселесі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер жұмысының басымдығы болуы тиіс екенін атап өтті.

Аталған месседж қоғамды рухани жаңғыртудағы әке институтының рөлін арттыру қажеттігіне баса назар аударған пленарлық бөлім барысында басқа да спикерлермен де айтылды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің кеңесшісі Максат Сқаков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, Ресей әкелер одағының Орталық Комитетінің мүшесі, Тверь облысының әкелер одағының төрағасы Владимир Анисимов, «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Берік Ракушевтың сөз сөйлеулерінде.

Сонымен қатар, қазақстандық сарапшылардың қатысуымен TEDx форматында диалог өтті.

Іс-шара барысында «Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің бірінші төрағасы Қуаныш Жұматаевтың әкесі Жетпісбай Жұматаев марапатталды.

Жамбыл облысының Форумға қатысушысы Марат Оспанов өз пікірімен бөлісіп,  балаларды тәрбиелеуде әкелердің ерекше рөлін атап өтті. «2016 жылы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің нысаны бойынша отбасын құрдым. Бүгінгі күні бізде жетім балалар да бар, отбасы 10 адамнан тұрады, әр ұлттың балалары. Көп балалы әке ретінде мен «Әкелер одағының» рөлін түсінемін, бұл ретте балаларды тәрбиелеумен тек әйел ғана айналыспауы тиіс деп есептеймін».

Форум қорытындысы бойынша отбасы тәрбиесі саласында бар мәселелерді шешу, отбасы институтын нығайту, ерлер мен әкелердің мәртебесін арттыру, ел Президентінің жолдауын және Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру контекстінде әке мәртебесін арттыру бойынша ұсыныстар кешені әзірленді.

Іс-шара соңында үлгілі әкелерге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хаттары табыс етілді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз