KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Балауса балғын жырлар

«Кітап білім бұлағы» деп бекер айтылмағаны бәрімізге аян, десек те, интернеттен бастарын алмай, тәуелді болған осы уақытта балалардың кітап іздеп, кітапхана сөрелерінде жүргені некен-саяқ. Әрине, бұл үлкен мәселе болып тұрған кезде, Халықаралық мектептің оқушылары жоғарыда айтылған ойымызды сейілтіп жібергендей болды.
Білім
2018-06-04

Бұл оқу ошағында биылғы жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап, сәуір айына дейін «Жас жазушылар» жобасы ұйымдастырылған.


«Жас жазушылар» жобасының басты мақсаты:

Жас бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің туған тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілікті оята отырып, үш тілді меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тіл арқылы дамытуды көздеген. Ең бастысы қазіргі буын өкілдері арасында жас жазушылардың да өсіп келе жатқанын оқырмандарға таныту болған екен. Осыған орай шығармашылық қабілеттерін әрі қарай шыңдау арқылы оқушының өзіндік қолтаңбасынан туған «балғын жырлары» мен «әуезді әңгімелерін» төмендегі нұсқаулық бойынша бағалаған.


Сіз жазған кітап:
1.      креативті, әрі оқырманға түсінікті болуы шарт;
2.      мазмұнды, әрі қызықты болуы керек;
3.      типографиялық үлгіде таза, жүйелі, түсінікті қаріптермен компьютерде терілген;
4.      оқырман назарын аударатын мұқабасы әдемі (сыртқы беті), тартымды болғаны дұрыс.

Осындай бағытта ерекше туындыны жазған оқушылар:
1.      «Ең қызықты ертегі»
2.      «Үздік әңгіме»
3.      «Үздік фантастикалық туынды»
4.      «Үздік сюжетті туынды»
5.      «Ең үздік креативті жұмыс»
6.      «Үздік комедиялық туынды» сияқты номинация иегерлері атанды. 

Осындай игі бастаманың қолдаушылары болып, әрі бүгінгі жас өскелең ұрпақтың қарымды қаламын ұштап, олардың тамаша туындыларды жазуына ұйытқы болып, ұйымдастырған команда мүшелерінің басы Халықаралық мектептің басшысы Ұзақбай Бауыржан Сайлаубайұлынан бастау ала отырып, бастауыш сынып мұғалімдері: Хуанбай Інжу-Маржан және Жүкенова Әсем Әбілғалиқызы, сондай-ақ қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ахметова Индира Әбілханқызы мен Ғазиз Еңлік Ғазизқызы, ағылшын тілінде жазылған тырнақ алды туындылардың бастамасы болған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тұржанова Тамара Нұрмұхамбетқызы болса, жалпы мектепте өткізілген жұмысқа көмек беріп, өзіндік үлесін қосқан директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары – Бекбосынов Жанбыржан Сәрсенұлы да болды. Осы жоба туралы ұстаздардың да ойын біле кетсек:

Жанбыржан Сәрсенұлы: «Бұл бір үлкен жобаға айналады деген ойымыз да болмады, алғашында осылай балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру негізінде болғанмен, оқушылар өздері өте үлкен белсенділік танытып, оларды ұстаздарынан бөлек ата-аналары қолдап, осындай үлкен жобаға айналды. Мектебімізде бірінші рет болып жатқан бұл жоба келесі оқу жылдары да жалғасын табады деп ойлаймын»

Хуанбай Інжу-Маржан: «Біз ең алдымен оқушылардың қабілетін байқадық. Кітапқа деген қызығушылықтарын байқап көргеннен соң, осы ұстаздар қауымы бар, мектеп директорының бастамасымен осы жобаны жүргізіп кеттік. Әрине, алғашында жоба деуге де болмады, дегенмен, уақыт өте оқушылардың белсенділігінің арқасында өздеріңіз көріп отырған жобаға айналды»

Еңлік Ғазизқызы: «Мына заманауи, интернет қаптаған кезеңде бұл жобаның мақсаты: қазақ тілі, ана тіліміздің деңгейін көтеру. Мұғалімдердің көздеген мақсаты- бала тілінде жазылған, балаларға арналған көркем әдебиет кітап өте аз, өкінішке қарай, сол себепті, біз біраз жұмыстар жүргізе отырып, біздің балалардың қолынан әңгіме, кітап жазу келетініне әбден көз жеткіздік. Төрт ай бойы тынбай осы жоба аясында жұмыс жасады, олардың қуаныштарын, мақтаныштарын біз байқадық, өте қуаныштымыз»

Әсем Әбілғалиқызы: «Баланы кішкене кезінен кітапқа үйрету, дәріптеу- ол біздің басты мақсатымыз. Менің оқушыларым бірінші сынып болса да, балалар топпен, ұйымшылдықпен жұмыс жасады. Әр оқулықты қарап отырсаңыз, олар өз бастарында болған оқиғаны әдемі, көркем, әдеби тілмен жаза білген. Өте қызықты, балалармен бірге өзіміз де балаша қуанып жүрміз»

Осылай деп көкіректерін қуаныш пен мақтаныш сезімі кернеген ұстаздар қауымынан шынымен бір кітапқа деген үлкен құрмет, Отанға деген зор патриотизм, оқушыға деген адамгершілік, тәрбие сезіліп-ақ тұрды. Әрине, ол заңдылық, себебі «шәкіртсіз ұстаз тұл деп» бекер айтылмаса керек. Қорытындылай келе, «Жас жазушылар» жобасы мектеп оқушыларының қарымды қаламына жаңа леп, жаңа тыныс беріп, жас өскелең ұрпақтың тілге деген құрметін тағы бір сатыға арттыра түскендей. 

 Асанның арманы

 Ғажайып ертегі

Әлия Өміртайқызы

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз