Ұлы іс отбасынан басталады
Бауырсақ өндіретін кәсіпорын «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ-ның кешенді қолдауына сүйене алады.
Ұйымдастыру:
Осы қызмет түрін жүргізуге патент негізінде арнайы салық режимі қолданылған жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру ұсынылады.
Патенттің құнын есептеу жеке кәсіпкердің кіріске 2% мөлшерлемесі бойынша жүзеге асырылады.
Егер жұмыс беруші жалдамалы жұмысшыларды жалдаса, жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану арқылы жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру ұсынылады, себебі бұл жағдайда бухгалтерлік жазбаларды жүргізудің қажеті жоқ.
Жеңілдетілген салық режимі бойынша, корпоративтік табыс салығы (КТС) және әлеуметтік салық сомасы бірлескен шығындардың есебінсіз кіріс сомасының 3% құрайды.
Жеңілдетілген салық режимі бойынша бірінші жарты жылдықтағы шекті кіріс 1 400-еселік минималды жалақы мөлшерін құрайды.
Рұқсаттама:
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесіне сәйкес, дәмді кондитерлік өнімдер сертификатталуға тиіс (бұл Тізім үнемі жаңартылып отырады, сондықтан, сертификаттау туралы соңғы ақпарат Қазақстан сертификаттау орталығында беріліп отырады).
ҚР сәйкестік сертификатын тиісті аккредиттеуі бар арнайы мемлекеттік органдар шығарады. Өнімдерді тексеру және өндіру процесі сол органдардың құзіретінде.
Бауырсақ өндірісін ұйымдастыру кезінде санитарлық ережелерді ұстану қажет.
Кәсіпкер санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан бауырсақ сатуға рұқсат алу қажет. Рұқсатты тұрғылықты жеріне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында алуға болады.
«Бауырсақты (шағын көлеммен) өндіруді бастау үшін инвестиция қажет емес, әр үйде орналасқан ас үй құралдарын ғана қолдануға болады. Тек қана, өнімнің бірінші партиясын өндіруге арналған шикізатты сатып алу қажет. Егер жаңа кәсіпкердің бизнесті ұйымдастырудағы тиісті білімі мен дағдысы болмаса, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы әрдайым қолдау көрсетуге дайын (стартап-жобалар). Жоғарыда көрсетілген қолдауды алу үшін сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына хабарласуыңыз керек.
Кәсіпкерлік қызметте, әсіресе бастапқы кезеңде, барлық нысандар мен түрлерде қатер төну қаупі болады. Кәсіпкер кез келген бизнесті бастамас бұрын, бизнес-идеяны іске асыру кезінде туындауы мүмкін барлық ықтимал тәуекелдерді мұқият талдауға тиіс.
Инвестициялық тәуекел – инвесторға ақшалай қаражаттың келетiнiне сенiмсiздiк немесе инвестициялардың сақталатынына сенiмсiздiк.
Бизнесте орын алуы мүмкін қауіп-қатердің 4 факторы:
Өндірістік бағдарламаны орындай алмау тәуекелі - негізгі болжамдарда сатылымның ең аз көлеміне негізделген өнімділікті арттыру қажет;
Тәжірибенің жетіспеушілігінен туындаған негізгі технологиялық операцияларды дұрыс өткізбеу қатері - белгіленген өндіріс технологиясын қатаң сақтауды талап етеді;
Шикізат бағасының өсу тәуекелі- жеткізілімге алдын ала келісім жасау;
Сапасы нашар шикізатты алу қаупі – тауар жеткізушілерді дұрыс таңдауды мұқият қадағалау қажет.
Инвестициялық тәуекелдерді талдау және анықтау, болашақта бизнес-идеяны жүзеге асыру кезінде қателер мен қаржы шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз