KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Сәби тілді тез меңгереді

Адам бала кезінен қалыптасады. Баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі мектепке дейін-ақ қаланады. Сондықтан балабақша тәрбиешісінің алдында тұрған басты мақсаттың бірі – сәби бойында Отанға, туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Үш тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар ұстанымды ескерту қажет. Басты ұстанымның бірі – тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл «Тіл дамыту үш тілдік сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады» дегенді білдіреді. Алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. Үш тілді сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолын емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Білім
2018-04-16

Тіл үйренуде ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаға бірдей рөл тиеді де, міндетті түрде араласып сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмысын мұқият тыңдап, өздерін және қатарластарын бағалайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ал қазіргі балалардың қабілет-қа­рымы қалай? Қарапайым күнделікті сабақты үш тілде жүргізсе, бала бойында күнде қай­таланатын сөздер жаттанды сөзге айналып, санаға ерте жастан тоқыла береді.

Жаһандық эволюцияға қадам басқан ХХІ ғасыр ғылым мен технологияның майын шағып, жілігін ішетін, адам емес, заттық құрылғылар басқаратын әлемде өмір сүруге жетелейді. Кемел жетістікке жетудің бірден-бір кілті – бірнеше тіл білу және оны ел игілігі үшін тиімді қолдану. Санадағы ақыл, қажырлы төзім мектепке дейінгі тәрбиеленушіден басталады. Елдің көптілділігі бүгінгі жас өреннен бастау алады. Шет тілін ерте білу бала бойындағы ақылдылық пен табандылыққа бір қадам жақындататын жол секілді. Бірнеше тіл білу – жаңаша көзқарас пен жаңаша ойлаудың алтын көпірі.

Egemen.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз