Ұлы іс отбасынан басталады
Александр, Қазақстан және Дубай тағамдарында ұқсастық бар ма?
Біріншіден, басты ұқсастықтардың бірі екі елдің ас үйінде ет пен ұннан жасалатын тағамдардың алуан түрлілігінде. Менің ойымша, бұл Дубай мен қазақ ас үйлерінің керемет үйлесімі. Біз болған жерде дәмді, ыстық шелпек пен қой еті ұсынылды, соған қарағанда жергілікті тұрғындардың жақсы көретін тағамдарының бірі деп ойладым.
Екіншіден, маған ұнағаны Дубай асханасында жаңа піскен көкөністер пайдаланылып, дәмі тіл үйіретін салаттар дайындалады. Қазір Қазақстанда көпшілік дұрыс тамақтануға тырысады, соған байланысты көкөністерді дастарқаннан көптеп кездестіруге болады. Айта кететін бір жәйт, Дубай асханасында Пәкістан ,Үндістан және басқа да елдердің аспазшыларыкөпболғанымен, Үндістан асханасындағыдай дәмдеуіштер көп қолданылмайды екен.
Сапар аясында бұрын-соңды естімеген тағам түрлері туралы, фестивальден алған әсеріңіз жайлы айта кетсеңіз?
-Мен Дубайда жиі боламын. БАӘ мен Дубайда жиырма рет болған шығармын, сондықтан Дубай және Эмират тағамдары маған таныс болды және олардың көбісін ұнатамын.
Алайда «Grub Shack» үнді мейрамханасында ерекше тағамдар ұсынылды, чили тұздығы қосылған краб, шынымды айтсам, мұндай тағамнан алғаш рет дәм таттым. Өзіме ашқан жаңа тағам түрлері, бұл Дубайда кеңінен ұсынылған авторлық тағамдар болды. Әлі де көріп, білетін нәрселер бар екенін ұғындым. Sea Fu, At.mosphere және Mina Brasserie мейрамханаларында ұсынылған авторлық тағамдар назардан тыс қалмады: олар дәмінің керемет үйлесімділігімен, қонаққа тағамды ұсынуымен ерекшеленді. Барлық жерде шебердің қолы, даралығы сезілді.
Бүгінгі таңда қандай тағамдар жоғары сұраныста және қазақстандық мекемелер оларды ұстана ма?
- Қазіргі кезде street food немесе «fast casual» жоғары сұраныста деп айтуға болады. Яғни, пайдалы әрі тез дайындалатын тағамдар үлгісі. Фестивальдің барлық алаңдарында халық назарына бургер, ыстық сэндвич және осыған ұқсас тағамдардың алуан түрі ұсынылды. Әсіресе, бриошь тоқашындағы краб керемет болды. Меніңше, бұл бағыт қазір көпшілікке мәлім, Қазақстан да бұл бағыттан тыс қалған жоқ. Әрине, әлемдік трендтер бізге сәл кеш келуі мүмкін, дегенмен, біздің мейрамханалар мен аспазшылар соңғы жаңалықтардан хабардар болып отыруға тырысады. Тәжірибеден өтіп, сұранысқа ие болып жатқан трендтер бар, осы орайда бұл салада біршама жеістіктерге жеттік деп ойлаймын.
Сұхбатыңызға рахмет!
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз