KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Шоколад өнімдерінің бала ағзасына әсері

Тәттіге құмар жандар жыл сайын 11- шілде «Халықаралық шоколад күнін» (World Chocolate Day) атап өтеді. Бұл күнді алғаш рет француздар 1995 жылы ойлап тапқан екен. Шоколадты тұңғыш рет ацтектер жасап үйренді деген байламдар да бар. Олар оны «құдайлар тағамы» деп атаған. Шоколадты Еуропаға бірінші болып жеткізген испандық конкистадорлар оны «қара алтын» деп атады және күш-қуатты арттыру үшін пайдаланды. Кез-келген балаға кондитерлік өнімдер мен тәттілерді тарту етсең, қуана қабыл алатыны баршаға мәлім. Осы ретте, ата-аналарды балаларына қанша мөлшерде, қай жастан шоколад бергені дұрыс, қандай өнімдер бала ағзасына пайдалы деген сияқты сұрақтар мазалайтыны ақиқат. Бұл туралы кеңірек мақаладан білуге болады.
Дастархан
2018-07-11

Қою қара шоколадтың құрамы - май, какао бұршағы және қант қосылған ұнтақталған какао қосылған өнім. Бұл шоколадтың өткір ащы дәмі бар, бірақ бұл пайдалы және табиғи өнім деген сөз. Бұл өнімге кілегей немесе сүт қосылған кезде, ол жұмсақ, ванильді хош иісі бар сүтті шоколадқа айналады. Бірақ мұнда какао ұнтағының мөлшері әлдеқайда аз болады. Балаларға  және  ересектерге де осы сүт қосылған шоколад аса қатты ұнайды.

Қазіргі кезде балаларда әлсіздік, шаршау, ересектерде жүрек ауруы жиі кездесіп жатады. Қан айналым жүйесі жоғары адамдар да аз емес. Еуропалық ғалымдардың зерттеуінше шоколадтың қорғаныш қасиеті көк шәй, жасыл алма, сияқты пайдасы мол нәрселерден де күшті екенін дәлелдеген. Шоколад мидың жұмысын арттырып қана қоймай, жүрек соғысын жиілетіп, жақсартады. Қою қара шоколад қан қысымын төмендетуге септігін тигізеді. Сонымен қатар тістің эмаль қабатына зиян келетін бактерияларды жояды.

Шоколадтың құрамындағы кейбір нәрселер адам жүйкесіне де әсер етеді. Бір кесек шоколад жегенде көңіл-күйі көтеріңкі болады. Зерттеулерге сенсек америкалық аурулардың 18%-ы күйзелістен осы шоколад көмегімен арылады екен. Құрамындағы теобромин – тамақ ауруына да пайдасы бар және көңіл-күйдің жоғары болуы да осыған байланысты.

Қай жастан бастап балаларға шоколад өнімдерін беруге болады?

Жоғарыда айтылғандай, шоколадтың ағзаға әкелер пайдасы баршылық. Ал, балаларға келгенде, дәрігерлер сүт қосылған шоколад пен кәмпиттерді бала 3 жасқа толғаннан кейін күндізгі норма 25 грамнан аспайтындай беруге кеңес береді. Себебі құрамында кездесетін кофеин, теобром және қанттың көп мөлшерде болуына байланысты бұл жастағы балаларға аса зиянды  болып табылады. Себебі, аталған заттар нәрестенің жүйке жүйесін қоздыруы ықтимал.

Балаларға тәттілерден бұрын жеміс-жидектер мен көкөніс ұсынсаңыз, кейін  аз мөлшерде қантсыз сүт қосылған какаоға да аздап үйретсеңіз дұрыс болады. Бала ағзасының реакциясын бақылап отырған жөн. Егер денеде қызыл бөрткен пайда болатын болса, кондитерлік тәтті өнімдерді бермеген дұрыс.  

Қандай жағдайда балаларға шоколад өнімдерін беруге болмайды?

Егер балада аллергиялық реакциялар үрдісі болса немесе лактаза жетіспеушілігі болған жағдайда шоколадтан мүлдем бас тартқан жөн.

Сонымен қатар, шоколад өнімдерін асқазан-ішек аурулары, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен артық салмақ проблемасы бар балаларға жеуге болмайды.

 

Қорытынды

Шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне сай. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз.

Балаға шоколад өнімдерін күндізгі уақытта берген дұрыс болады. Өйткені, оның құрамындағы кофейн мен теобромин кешкі уақытта бала ағзасына кері әсер етеді.

Шоколад құрамына мұқият назар аударған жөн. Химиялық қоспасыз, табиғи, таза өнім болуы шарт.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз