KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Отбасылық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» атты семинар-тренингтер өткізеді. Семинар-тренингтерді «Харекет» кітабының авторы, есімі елге белгілі ғалым, филолог Омар Жәлелұлы жүргізеді.
Жаңалықтар
2018-09-06

Семинар-тренингте:

* «Болашақ жарды дұрыс таңдау – бақытты отбасы кепілі»;

* «Отбасындағы Әке мен Ананың рөлі»;

* «Қазақы тәлім-тәрбиенің артықшылығы»;

* «Ұлым ұлықты, қызым қылықты болсын десеңіз...»

* «Әке қандай болуы керек?» және т.б. әр отбасы үшін өмірлік маңызды тақырыптар қамтылған.

Бұл іс-шаралар Ел Президентінің «Рухани жаңғыру» идеясын қолдауға, Отбасы институтын дамытуға, Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап, Астанада шаңырақ көтеріп, өсіп-өнген жанұялардың табысты жолын дәріптеуге, отбасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, балаларымызды батыр бабаларымыздың рухында тәрбиелеуге бағытталып отыр.

Семинар-тренингтер ҚР Ұлттық Ұланында, Астанадағы ЖОО-да өтеді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз