Ұлы іс отбасынан басталады
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидасы ретінде белгіледі. Қазақ ұлтының дамуы мен басқа да этностық топтардың құқықтарын сақтау саясаты ұлтаралық қарым-қатынастың тепе-теңдігін орнықтырды. Дегенмен де, Елбасының бұл ұстанымын жұрттың бәрі бірдей және бірден қабылдай қойған жоқ. Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын республикада шиеленісті жағдайлар мен тұрақсыздық тудыруға әрекеттенгендер де, ұлтаралық факторларды пайдаланғысы келетіндер де болды. Мұндай жағдайға Елбасы лайықты жауап таба білді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, оны басқа елдерге үлгі ету Н.Назарбаев қызметінің даналығының көрінісі бола алды.
Бүгінде қазақ елі бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық айтқандық емес. Астана төріндегі әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын айқара ашқан «Бейбітшілік пен келісім» сарайы да бірлік пен берекенің символы іспеттес. Көптеген елдерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің береке – бірлігіміз өзге елдерге үлгі болатындай. Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандар мен қашқындардың да нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.
«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол -бірлік». Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, бұл жолда да ел тұтастығы мен татулығының ықпалы мол. Қазақстанның қарымды қадамы қарыштап, бедел-абыройы шарықтап, шаңырағы шайқалмай, өзгелерден тайсалмай, теңдігі мен тұрақтылығының баянды болғаны – осы бірліктің арқасы.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - бүгінде мақтаныш емес, ұлттар мен ұлыстар бірлігінің шынайы рәмізіне айналған еліміздегі айтулы мереке.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз