KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Тұңғыш Президент күні

Желтоқсан айының алғашқы жұлдызы – еліміздің тарихындағы айтулы күн. 1991 жылдың дәл осы күні қазақ елі өзінің тұңғыш президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаған болатын. Сөз жоқ, бұл Қазақстанның жарқын болашаққа жасаған ең алғашқы нық әрі дұрыс қадамының бірі еді. Халқымыздың тәуелсіздік алып, бүгінгі дәрәжеге жетуі – анық Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. Өзінің сарабдал саясатымен көпшілікті тәнті еткен Нұрсұлтан Әбішұлы, шындығында, дана көшбасшы. Соның нәтижесінде 2011 жылғы 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесі болып заңды түрде бекітілген болатын. Бұл мерекені еліміздің азаматтары ғана емес, алыс-жақын шетелдердің де жастары білетін болып шықты. Бұған дәлел ретінде Қытайдың оңтүстігіндегі Сычуань аймағының Ибинь қаласындағы «Сычуань ғылым және техника университетінің» студент жастарының ой-пікірін ұсынып отырмыз.
Мәдениет
2018-11-30

Ахметжанова Аида, Қарағанды қаласынан.

…Бұл күн мереке болып 2011 жылы желтоқсан айының 1-і күні бекітілді. Сол уақыттан бері жыл сайын тойланып келе жатыр. Өз басым, Президентіміздің еліміз үшін жасаған еңбегі көп деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының негізінде біз бүгінде әлемге танымал ел болып отырмыз. Елімізде көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрып жатса да, бәріміздің бір үйдің  баласындай тату-тәтті өмір сүруіміз де – Елбасы саясатының арқасы. Одан басқа, еліміздің орталығын Алматы қаласынан арқаның жазығындағы Астана қаласына көшіріп, оны «екінші Дубайға» айналдыруы – үлкен ерлік деп санаймын. Жас қала Астанамызда кеше ғана ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген ұлт өкілдері келіп, мерейіміз үстем болды. Ел ішіндегі бейбітшіліктен бөлек, көрші елдермен де достық қарым-қатынас орнатып отырған да – біздің Елбасымыз. Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

 

Әлиев Турал, Әзірбайжан елінен.

Түркі елдерінің тарихы мен үшін өте қызық. Көршілес қазақ елінің де тарихынан сәл-пәл хабарым бар. Қазақстанның 27 жыл бұрын тәуелсіздігін алып, тұңғыш Президентін сайлағанын да білемін. Бауырлас ел ретінде біздің мемлекетіміз Қазақстанмен өте жақсы қарым-қатынаста. Екі елді көптеген тарихи оқиғалар байланыстырып жатыр. Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің арасындағы достық қарым-қатынастың негізін салушылар – Гейдар Алиев пен Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде бұл қарым-қатынас өте жақсы дамуда. Қазақстанды 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін бір Президент басқарып келеді. Мен қазіргі уақытта Қытай елінде білім алып жатырмын. Мұндағы қазақ достарымнан 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні екенін естіп қуанып жатырмын. Меніңше, Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай құрметке лайықты. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын!

 

Курчук Олег, Қостанай қаласы.

Мен қазақ елінде дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Мен әрине, сондықтан да Қазақстан тарихын жақсы білемін. Осыдан бірнеше жыл бұрын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып белгіленген болатын. Елімізді 27 жыл бойы басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы – мықты саясаткер, керемет дипломат. Меніңше, Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдерінің бейбіт, тату-тәтті ғұмыр кешуі – Елбасының еңбегі. Қазақстан тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізіп, енді дамып келе жатыр. Мұндай қарқынмен еліміз бірнеше жылда дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылады деп санаймын. Мереке құтты болсын!

 

Алдаир Нето, Ангола мемлекетінен.

Мен Ангола елінен боламын. Өткен жылы Қазақстанда Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілгенін білемін. Себебі, менің әкем біздің елдің өкілі ретінде осы көрмеге барып қайтқан болатын. Жасырмаймын, мен негізі оған дейін Қазақстан жайлы ештеңе білмейтінмін. Әкем сапардан оралған соң бізге қазақ елінің қонақжайлылығы мен дарқандығын көп әңгімелеген еді. Мен қазір Қытай елінде жүріп те оған көзім жетіп жатыр. Мұнда мен өзіме көптеген қазақ достар таптым. Достарымнан мен «Тұңғыш Президент мерекесі» жайлы көп естідім. Бұған дейін мен әкемнен Қазақстанды тәуелсіздік алғалы бері бір басшының аса сара саясатпен басқарып келе жатқанын естігенмін болатынмын. Меніңше, бұл – айрықша мереке. Қазақстандық достарымды және қазақ елін мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз