Ұлы іс отбасынан басталады
Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады. Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оны балаларының қай бағытта пайдаланып жүргенін үнемі бақылай алмайды.
Осы күні жас сәбилердің де телеарнаны өз бетімен қосып алып, қалаған мультфильмдерін көре беретіні ешкімді таңырқатпайтын болды. Дегенмен соңғы жылдары балалардың ақпараттық технологияны пайдалануына шек қою қажеттігіне көз жете бастады.
Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Себебі, ақпараттық технологиялар жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етуде.
Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде, даму деңгейінің төмендейтіні, сөздік-қисындық ойлауының нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі. Көптеген балалар естіген нәрсесін үлкен қиындықпен түсінетін болған. Ондай балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен. Осылайша қазіргі шақта ақпараттандырудың жақсы жағы ғана емес, осынау прогрестің жағымсыз тенденциялары да байқалуда.
Дәрігерлер мен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдеді.
Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді.
Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады.
Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес, үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған жөн.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз