Ұлы іс отбасынан басталады
Туғандардың 51,7% (201 756) ер балалар және 48,3% (188 506) қыз балалар. Жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2007 жылмен салыстырғанда туғандар саны 21,2% (ер балалар – 21,7%, қыз балалар – 20,5%), қалада – 30,1%, ауылдық мекендерде – 10,7% артқан.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1 000 тұрғынға шаққанда 29,74 сәби дүниеге келген), Астана қаласында (28,23) және Оңтүстік Қазақстан облысында (27,20) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (13,17), Павлодар (15,91) және Шығыс Қазақстан (15,98) облыстарында көрініс тапты.
Сәбилі болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2017 жылы 2,73 құрады және 10 жыл ішінде 10,5% өсті, ал қалада– 2,57 (8,4%), ауылдық мекендерде 3,00 (14,5%) құраған.
Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Маңғыстау (3,78), Оңтүстік Қазақстан (3,62) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,67) мен Қостанай (1,73) облысында байқалды.
2017 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,5 жасты (2007 ж. – 28,0) құрады, қалада– 28,7 (2007 ж. - 27,8), ауылдық мекендерде – 28,2 (2007 ж. – 28,3).
Қазақстанның біршама өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,6 жасты, Астана қаласында 29,4 жасты құрады.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз