Ұлы іс отбасынан басталады
Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды отансүйгіш, елжанды азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдыңдағы басты міндет. «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ даналары бекер айтпаса керек. Оқушыны жан-жақты интеллектуалды азамат етіп тәрбиелеу үшін тек қана мектеп емес, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-ана бала тәрбиесіне көңіл бөліп,ерекше назар аударуы қажет екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Өмірге деген көзқарасы енді дамып, дүниетанымы жаңа бой көтеріп келе жатқан балалар үшін мультфильмнің тәрбиелік мәні ерекше. Шетелдік балалар телерадиосы балғындарға сол елдің ұлттық салт-дәстүрін үйретеді, ой-өрісін өрістетіп, дүниетанымын дамытады. Ұлттық ділге ұйытады. Баланы тәрбиелейді. Өзіміздің Отандық киностудиямыз енді аяғына тұрып, дамып келе жатқанымен, қазақ мультфильмдері жеткіліксіз. Жақын арада, осы мәселелер шешімін тауып, сапалы әрі тәрбиелік мағынасы зор төл туындыларымыз балғындарымызға ұсынылса, оның жемісі де соған сай болары хақ.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Мектеп жасынан балаларды Мемлекеттік рәміздерді біліп қана қоймай, әр таңбасына терең үңілдіріп, түсіндіруді қажет етеді. Мемлекеттік таңбалар қазақ мәдениетінің жемісі, мазмұны мен мәні жөнінен келгенде татулық пен бейбітшілік тәрізді жалпы адамзаттық игіліктерге қызмет етуге бағытталған. Қазақстан азаматтарының барлық күш-жігерін Отан даңқын арттыруға, оның ерікті елдің бақыты мен гүлдене беруіне шақырған белгі. Ертеңіне үкілі үмітпен қарап, болашаққа батыл сезіммен қадам басқан барша қазақстандықтардың кәделеп-қастерлейтін рухани қазынасы деуге лайық.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі. ЖОО тәрбие жұмысында студенттерге мынадай қасиеттерді:
Бұдан бір жарым ғасыр бұрын Шоқан бабамыз: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім керек» деген екен. Азаттыққа қолымыз жетті. Еліміз егемендікке ие болып, өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, төрткүл дүниеге елдігін танытатын шаққа жетіп отыр. Есті ұрпақ өз елінің тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін, бойына сіңіріп өссе, келешегіміз жарқын болары сөзсіз.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз