KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Әлемдегі 8 ерекше бизнес-жоба

Кәсіпкерліктің дамуымен қатар, бизнес идеялардың жаңа түрлері жыл сайын адамдарды ерекше бизнес-жобаларды іздестіруге және оларды іске асыруға итермелейді «Бизнесменс» порталының мәліметтері бойынша, бірнеше ерекше бизнес-жоба жарияланды, алайда олардың көбі тек эксперимент ретінде басталған пилоттық жобалар қатарында. «Otbasym» редакциясы ең қызықты әрі таңғаларлық бизнес жобаларды назарларыңызға ұсынады.
Бизнес
2018-06-14
№1.  Кіру  ақысы бар  дүкен

Австралияның кішігірім Курпуру қаласында дүкенге кіру - ақылы және кіру бағасы  австралиялық 5 доллар (1270тг). Мүгедек адамдар мен зейнеткерлерге кіру  тегін, егер сіз дүкеннен бір нәрсе сатып алсаңыз  төлемнен босатыласыз. Дүкен иесі бұл айланы, өздерінің және өзінің уақытын босқа кетірмесін деп ойлап тапқан екен. Оның айтуынша дүкенде ұрлық азайыпты, сондай-ақ осы жаңа идеяның пайда болуы әлеуметтік желілерде сынға алынып, дүкендердің бұл қулығын соңында қара PR-ға теңеген.

 

№2. Онлайн-кешкі ас

Ерекше тартымдылық,  көпшіл әрі тамақ пісіру қабілетінің болуы  көптеген қыздарға тән. Оңтүстік Кореяның танымал блогерлерінің бірі өзінің  кешкі ас ішіп отырғанын тікелей эфирге шығару идеясын ойлап тауыпты. Осылай жаңа бір өзгеше кәсіп ойлап тапқан бойжеткеннің оқырмандары артып, орташа есеппен айына 9 000 доллар табыс табады екен. Оның интернет-арнасының негізгі аудиториясы- дамыған елдердегі  жалғызбасты адамдар. Олар қанша бақуатты болса да, түскі және кешкі асты жалғыздықта өткізгісі келмейтіндерін  алға тартыпты.

 

№3. Қаптамасыз тауар

Қаптаманың болмауы кез-келген өнімнің құнын төмендетеді. Десе де бұл әдіс мына бизнес-жобадан кейін үнемі жұмыс істемейтінін көрсетті.  Қағида канадалық компанияның жұмысында қолданылады екен. Сауда мекемелер желісі сатып алушылардың әр түрлі тауарларды таңдап алуы үшін арнайы шыны автоматты машиналарды орнатыпты. Қаптамасыз төрт мыңнан астам зат – шай, кофе дәндері, дәнді дақылдар, ұн, дәмдеуіштер, жаңғақтар, құрғақ жемістер, тәттілер және т.б. сатылады. Төмен бағадан бөлек, аталмыш жоба жер бетін, экологияны  ластайтын пластик қаптама материалдарынан бас тартудағы жаңа үрдісті дамытуда әрі компания иелеріне үлкен пайда әкеліп жатқанын да айта кету керек.

 

№4. Арнайы дәм тату автоматы

Бұл түрдегі алғашқы құрылғылар 1887 жылы «Stollwerck» неміс кондитерлік фирмасы тарапынан жасалды. Сатып алушыларға сатып алудан бұрын кәмпиттердің дәмін көруге мүмкіндік берілді. 2013 жылдан бастап, чикаголық  дүкен желісінде осы дәстүрді жандандырып, арнайы машиналарды орнатқан болатын. Құрылғыларды орнату үшін дұрыс орынды таңдау өте маңызды. Ол үшін ыңғайлы жер мен адамдардың көп шоғырланатын жерін таңдай білу қажет.

 

№5. Тауарды әуежайға жеткізіп беру

 Іссапардан немесе шетелден демалып келе жатқан азаматтарға/ өз клиенттеріне танымал австралиялық азық-түлік дүкендері жаңа қызметті ұсынды. Бұл қызмет мобильдік қосымшалар арқылы жол үстінде тауарларға тапсырыс беріп  қойып, ал  ұшақ қонғаннан кейін клиентке әуежайға жеткізіп береді.  Іскер азаматтар мен туристер тарапынан аталған қызмет көрсету түрі үлкен сұранысқа ие болды.

 

№6. Алдын-ала сатып алынған билеттер бойынша кіру

Чикаго мейрамханасының иесі бұл идеяны авиакомпаниядан көрген. Мысалы,  әуежай терри ториясына тек онлайн-сервис арқылы сатып алынған ұшақ билетімен ғана кіре аласыз. Дәл осы осы жүйені мейрамханаға енгізген.  Интернеттегі қосымшалар жүйесі арқылы мәзірді алдын-ала төлегендер ғана бос үстелге жайғаса алады. Бұл жаңа идея келушілерге де ұнады, енді босаған орынды  және тапсырысты көп күтудің қажеті болмаған. Мәзір бағалары аптаның күніне және уақытына байланысты өзгеріп отырады екен. Ең қымбат – сенбінің кешкі уақыты, ал жұмыс күндері  және түскі ас кезінде тапсырыстың құны әлдеқайда төмен.

 

№7. Танымал фильмдердегі тағамдар

Торонтодағы кинофестивальдердің келушілеріне қызмет көрсететін кәсіпкерлерге танымал фильмдерде көрсетілген  тағамдарды ұсыну идеясы келген. Нәтижесінде қонақтар тарапынан бұл жоғары бағаланған.

 

№8. Калория тұтынуды санайтын мейрамхана

Швейцарияның бір мейрамханасында қонақтарға ерекше қызмет көрсетіледі. Даяшылар тек қана тапсырыстың құнын ғана емес, сонымен қатар әрбір тұтынған тағамдағы  калориялар санын да көрсететін есеп береді.

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз