KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Ұлы дала тағамдары

Дүние жүзінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық асхана бар, ал әрбір ұлттық асханада сан алуан бір-біріне ұқсайтын әрі ұқсамайтын ұлттық ас мәзірлері болады. «Ас адамның арқауы» деген қазақ халқы тағам құнарлығымен сіңімділігін және бір-біріне деген үйлесімділігіне аса мән беріп, оның жасау технологиясын атадан балаға мирас еткен
Дастархан
2019-03-28

Түркияда «Ұлы дала тағамдары» шарасы аясында табақ тарту рәсімі болып, келгендерге қонақкәде жасалды. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар қатарында  «Otbasym.kz» редакциясы да болды. Еліміздің бас қаласының аспаздары Анкараға арнайы келіп, қазақтың ұлттық ас мәзірлерін дайындады. Дастарханның сәнін келтіретін ұлттық тағамдармен қатар халқымыздың ұмыт болған ас мәзірлері таныстырылып, жиналған қауым дәм татты. Қазіргі уақытта Түркияда барлық түркі тілдес елдердің асханаларын кездестіруге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, асханасы өте бай түрік жұртын тамақпен таң қалдыру оңай емес. Себебі, Еуропа мен Азия құрлығы ортасында орналасқан мемлекет нағыз мәдениеттің ошағы деуге болады. Сондықтан бұл елдің ас мәзірінде барлық тағам түрлерін кездестіруге болады.

Аталған шараға қатысушылар түбіміз бен тарихымыз бір болғанмен, ас мәзірінде ерекшеліктер барын айтты. Себебі мұндағы көпшілік бұл жолы жылқы етінен жасалған тағамдардың дәмін алғаш татқан көрінеді. Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Оның үстіне жылқы еті адам организміне аса жұғымды, бойға сіңімді келетінін жеткізді.

Вейсел Сезен, Анкара тұрғыны:

Қазақтың ұлттық тағамы асылған етті жедім. Маған ұнағаны: ет майлы болып көрінгенмен, асқазанға ауыр тимейді екен. Осындай шаралар жиі жүзеге асса, ата жұрттан жеткен тағамның дәмін татуға мүмкіндік туар еді.

Фулия Сағлық, Анкара тұрғыны

Біздің түбіміз бір, тарихымыз бен тіліміз ортақ. Алайда, ас мәзірлеріміз өзгеше екен. Себебі біз сиыр және қой етін қолданамыз. Жылқы етінің дәмін бірінші рет татып отырмын. Қатты ұнады. Бұған дейін жылқы етін жегендердің иммунитетінің мықты болатынын естігенмін. Денсаулық саласының қызметкері ретінде мен үшін бұл өте маңызды.

Сонымен қатар шара барысында халқымыздың табақ тарту рәсімі жасалып, келгендерге қонақкәде жасалды. Анкарада құрылған «Отау» өнер тобының арнайы сахналық қойылымы көрсетіліп, жиылған қауымның ыстық ықыласына бөленді.    

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз