KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

1-қыркүйек – Білім күні

Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады.
Мәдениет
2018-09-01

Жадыраған жаздың жаймашуақ үш айы көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Қоңыр күздің алғашқы күні асқақ армандарын арқалап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған балдырғандар мен жиған білімдерін тереңдете түсу үшін еліміздің барша оқушылары алтын ұя мектебіне оралады. Бұл күні таңертеңмен қолдарына шоқ-шоқ гүлдерін алып, мектепке асыққан кіп-кішкентай балапандарды көру үлкен бір қуаныш.

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері табалдырық аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.

Бұл күн, әсіресе, 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз!

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз