KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қазақтың тойы: талғам мен тағылым

Қашан да жиғанын тойға шашуға ниетті халқымыздың бұл қуанышының құны қанша тұрады? Қазақы той бизнестің көзіне, босқа қаражат шашудың амалына айналып бара жатқан жоқ па? Саралап көрелік…
Мәдениет
2019-08-22

Тойға арналған салтанат залы


Үлкен той өткізу үшін зәулім ғимаратты мейрамхана табу қиынға түседі. Дегенмен жыл өткен сайын жеке кәсіпкерлер мейрамханалар салуды сәнге айналдырған. Бұл да кәдімгі бизнес көзі. Қолыңдағы ақшаның жетуіне байланысты арзан-қымбат мейрамханаларды шертіп жүріп таңдауға болады. Кез келген мейрамхана екі баға ұсынады. Қаладағы орташа баға бойынша, барлық шығын сол мейрамханадан шықсын десеңіз, адам басына 10-15 мың теңгеден төлейсіз. Жартысын өзім әкелемін десеңіз әр адам басына 5-8 мың теңгеден шығарасыз. 
 

Асаба – тойдың бағы

Қазіргі асабалардың басым бөлігі тойға сол күні келіп дайындалады. Нақтырақ айтсақ, тойға бір сағат ерте келіп, той қонақтарының тізімімен және тойды өткізіп отырған әулетімен танысады. Бұл тапсырыс берушілерге деген құрметінің аздығын көрсетеді. Себебі той иелерінің қуанышы тікелей сол асабаның не айтып, не қоюына байланысты.

Әрбір той иесінің тапсырысына дербес дайындық жасалу керек. Тойдың басқа жерде қайталанбаған сценарийі жазылып, басқарушы асаба келген қонақтардың көңіл-күйі жоғары болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Тойды жүргізу – тұнып тұрған өнер. Ал асаба өзін төрт-бес сағатқа жалғасатын театрлық қойылымның жалғыз актері сынды сезіне білуі керек. Көрерменді де жалықтырып жібермеуі тиіс. Олардың еңбектерін мұқият қарап, сосын тапсырыс бергеніңіз абзал. Оның өзінде де, өз ұсыныстарыңыз бен қалауларыңызды нақты жеткізуге тиіссіз.

Халықтың алдында жүріп, бәрін сөзіңе еліктіру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Асаба сахнадағы жүрісін, қай жерде қанша аялдауына дейін жоспарласа, арзан әзілдерін қысқартса, сұранысқа ие болады - дейді той ұйымдастырушылар. Ал, асабаның бағасына келсек,  орташа есеппен қызметтеріне 100 000 теңгеден бастап, жоғары қарай алты нөлі бар сандарға дейін өрлей береді. Бұл, әрине, тойыңызға асабалыққа кімді шақырғаныңызға байланысты.

 

Келін көркі – той көйлек


Той көйлектерін сататын дүкендерде сәні бірінен-бірі асатын көйлектердің бағасы 50-60 мың теңгеден басталады, – дейді сатушылар. Ер адамдардың костюм шалбары – 40-50 мың теңгеден жоғары. Оған аяқ киімнің бағасын қосыңыз. Қымбат көліктер жалдау да қалтадан біраз қаржыны қағады. Сағатына 5-10 мың теңгеден алса, сіз бұл қызмет үшін кем дегенде 50 мың теңге жұмсайсыз. Тіпті, кейбір азаматтар қымбат маркалы 3-5 машина жалдайды. Шетелден әнші шақыратындар да бар. Шетел түгілі, Қазақстанның әншілеріне тойыңыздың сәнін кіргізгеніүшін де қомақты қаражат бересіз.

Ал, сақиналардың ең сапалысы 80-100 мың теңгені құрайды. Көбінесе қалыңдықтарға қымбат, ер азаматтарға арзандау келеді. Қалың, іші тегіс сақиналарға сұраныс жоғары. Соңғы жылдары оюлы сақиналарды сұрататындар көп кездеседі. Бір түсті алтыннан бас тартып, оюлы әсемденген сақиналарға қызығатындар да бар. Оюлы сақиналардың бағасы 50-60 мың теңге. Ең арзан деген сақиналар 20-30 мың теңге болады. Неке жүзігі болғандықтан сапалысын таңдаған дұрыс деп ойлаймын, -дейді әшекей бұйымдарды сатушылар.

 

Тойды ұйымдастыруды Event агенттіктерге берудің тиімділігі неде?

Әрбір қазақ баласы өміріндегі маңызы бар мерейтойлардың жоғары деңгейде өткенін қалайды. Десе де, мінсіз кешті ұйымдастыруға біршама қомақты қаржының да керек екенін айта кету керек. Ал еліміздің қалталы азаматтары тойды ұйымдастыруды толығымен Event агенттіктеріне сеніп тапсыруға үйренген.

Той иелері Event орталығына тізгінді береді де, өзі шаршап-шалдығып, жүгірмейді, Жүйкесін тоздырмайды. Себебі тойды басынан соңына дейін ұйымдастыру оңай шаруа емес. Артық қобалжу денсаулыққа зиян. Содан кейін, той иесінің бұл салада тәжірибесі аздау болса, ұйымдастыру деңгейі төмен болып, қонақтардың көңілінен шықпауы мүмкін. Сондықтан мерейлі кешті өз жұмысын білетін той ұйымдастыру орталықтарына беру  жан-жақты тиімді, – дейді «Көпен келе жатыр» той ұйымдастыру орталығының директоры Асқар Әмірбек.

Жалпы, осы есеп-қисаптың аясында айтарымыз, көптен озып, көштен  қалмау үшін 3,5-7 миллион теңге көлемінде шығындануыңызға тура келеді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз