KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Құрметті оқырмандар!

Cіздердің назарларыңызға жаңартылған «Отбасым» мультимедиалық порталын зор ықыласпен ұсынамыз
Жаңалықтар
2018-03-06

Порталдың міндеті отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау болып табылады. Қарым-қатынасты жетілдірудің шегі жоқ әрі жас шамаларына, ұлтына, мәртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың, достардың арасындағы отбасылық қатынастарды жақсарту – бұл өз айналаңдағы әлемді жақсарту, жақсы өмірге ұмтылуды білдіреді.

Біз өмірде әрқашан мамандықты, басқару дағдыларын, көлік жүргізуді меңгеріп алуды үйренеміз. Алайда, отбасылық өмірде проблемаларға тап болып, біз көбіне өз-өзімізді жоғалтып аламыз. Кемеміз қаңтарылып қалмас үшін біз айналамыздағы сүйікті жандармен қарым-қатынасты уақытылы жақсартып отыруды үйренуіміз керек. Сауатты әрі дұрыс қарым-қатынас – біздің барынша толық мәнін ашып, өмірде іске асыруға жәрдемдескіміз келетін құндылық осы.

Біздің айдарларымызда отбасы құндылықтарына, шаңырақ көтеруге, отбасылық қарым-қатынастарды құруға, көпұлтты Қазақстанның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ерекше мән берлген.

Құрметті оқырмандар, Сіздерді «Отбасым» мультимедиалық порталының өміріне қатысуға және белсенді диалог құруға шақырамыз, өз саяхатыңыздан алған әсерлеріңізбен және өзге де маңызды отбасылық оқиғаларыңызбен бөлісіңіздер.

Біздің порталымыз сіздің шағын ғана керемет «отбасы» атты бақыты мемлекетіңізді құруда таптырмас көмекшіңіз болады деп үміттенеміз.

 

Ізгі ниетпен, «Отбасым» сайтынын редакциясы

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз