KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Көктемнің алғашқы мерекесі

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Жаңалықтар
2018-03-07

Құрметті асыл әжелер мен аяулы аналар, сүйікті әпкелер мен мейірімді жеңгелер, қылықты қарындастар, осынау кереметтей көктем мерекесімен өздеріңізді  шын жүректен құттықтаймын! Өмірдің гүлі, әр үйдің нұры – өздеріңіз. Әрқашан да көктемдей құлпырып, жаздай жадырап жүре беріңіздер! Ең сұлу әйел – ол сүйікті әйел, ендеше сүйгеннің сүйіктісі болыңыздар. Ең бақытты әйел – сәбиіне еміреніп, аналық мейірімін аямаған әйел, олай болса, бөпелеріңіздің қылығына тоймай жүре беріңіздер! Ең абзал ана – ол перзентінің тілеуін тілеп, жолын тоса білетін ана, ендеше, балаларыңыздың рахатын көріңіздер! Ең салиқалы әже – ол немере-шөбересіне өсиеті бар әже, ұзақ ғұмыр сүріңіздер, ең сыйлы келін – барған жерін бақытты етуге барын салатын келін, ендеше бақтарыңыз баянды болсын дегім келеді! Өмірлеріңіз мерекелі және берекелі болсын, мереке құтты болсын!

Театр және кино актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов


 

 

 

 

Милые дамы, поздравляю Вас с праздником 8 марта! Желаю Вам любви и счастья, исполнения всех желаний. Оставайтесь всегда такими же милыми, красивыми, добрыми и улыбчивыми. От всей души желаю всем нашим прекрасным женщинам женского счастья!

С уважением, Ерлан Кокеев

 


 

 

 

Баршаңызға сәлем! Әрине, аяулы аналарымызды, әпке-қарындастарымызды, аруларымызды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемгі гүлдердей құлпыра беріңіздер! Көктемгі күндей нұрланып жүріңіздер! Ауырмаңыздар! Бақытты, сүйкімді, сүйікті және табысты болуларыңызды тілеймін! Аман болыңыздар!

Ізгі нитепен Қайрат Баекенов

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз