KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орайластырылған мәдени-бұқаралық шаралар

Әдеттегідей, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Астанада кеңінен аталып өтіледі. Ашық аспан астында халықтық серуендер мен концерттер ұйымдастырылады. Биыл қалада барлық жастағы елорда тұрғындары мен қонақтарына арналып 20-дан астам түрлі мәдени ойын-сауықтық бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының ресми сайты.
Жаңалықтар
2018-04-28

1 мамыр мерекесіне арналған халықтық серуен «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда сағат 11.00-де басталады. Қонақтар елордалық ұлттық мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының артистерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі!» атты театрландырылған қойылымды тамашалайды. Концерттік бағдарламаны Турецкий хорының «Праздник песни» ән кеші жалғастырады. Ерлер ұжымымен бірге сахна төрінде Турецкийдің SOPRANO әйелдер тобы өнер көрсетпек.  Әйгілі ресейлік топтан кейін сахна төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өнер көрсетеді.

Одан басқа «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру және қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі

Осы күні сағат 13.00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Достық шеруі» велошеруі бастау алады. Шара елордада велосипед тебу маусымын ашады. Сонымен қатар сағат 15:00-де домбырашылардың орындауында «Ұлы дала үні» атты флешмоб ұйымдастырылады. Шара барысында 500 адам Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін көпшілік назарына ұсынатын болады.

Бұдан басқа, қаланың кітапханаларында, музейлерінде, театрларында және басқа да мәдениет мекемелерінде бірлік пен достық мерекесіне арналған тақырыптық көрмелер, спектакльдер мен концерттер өткізіледі.

28, 29 және 30 сәуір күндері «Астана» концерт залында «Асыл мұра», «Шалқыма», «Рауан» би ансамбльдері, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, сондай-ақ, классикалық, эстрадалық вокал солистері өнер көрсетеді. 1 мамырда Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын Батыр» степ-тобы өз көрермендерін қуантпақ.

28 сәуірде Тәуелсіздік сарайында 1 мамырға арналған дәстүрлі экспозиция ашылады, ал 30 сәуірде «Бәйтерек» монументінде «Республика Казахстан – многонациональная страна» сурет көрмесі өтеді.

1 мамырда Қуыршақ театры өз көрермендеріне «Вместе мы одна страна» атты қуыршақтар концертін ұсынады. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Золотой цыпленок» спектаклінің, ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Қызыл алма» комедиясының тұсаукесері өтеді.

2 мамырда Сәкен Сейфуллин музейінің ұжымы қалалық мәдениет орталықтарының өкілдерімен «Бақыт мекені – Астана» тақырыбында кездесу өткізеді.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз