KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Мектептерде ата-аналар комитетіне тыйым салынуы мүмкін

Елімізде ата-аналар комитетіне тыйым салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мәлімдеді.
Жаңалықтар
2018-10-10

Астанада өткен брифинг барысында жемқорлық бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен білім беру cаласында анықталған проблемалар көтерілді.

«Маусым айында ата-аналар арасында аноним түрде жүргізілген әлеуметтік сауалнама айына немесе аптасына қанша ақша жиналатынын білуге мүмкіндік берді.  Нәтижесінде 1 000 теңгеден бастап 10 000 теңгеге дейін жинағандары анықталды. Сауалнама қорытындысы бойынша 100 адамның 87-сі өмірінде бір рет болса да мектепте ақша жинағанын айтты. Дәл осы дерек бізге жүйелі түрде жұмыс істеуге септігін тигізіп отыр», - деді Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, Астанада ақпан айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен әкімдік өкілдері бірігіп «Астана - адалдық алаңы» жобасын жүзеге асырып жатыр.

«Көбіне ақшаны ата-аналар комитетіндегілер жинайды. Осы ретте жоба өкілдері Білім және ғылым министрлігіндегілерге ата-аналар комитетіне тыйым салу туралы ұсыныс жасады. Себебі ата-аналар комитетінің қызметі тұрмыстық жемқорлыққа себеп болып жатады», - деді ол.

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз