Ұлы іс отбасынан басталады
Тұрмыстық химия және химиялық өнімдер бойынша сарапшы Гүлмира Садырова сатып алу кезінде ең бірінші тауардың түсі мен иісіне мән беруге кеңес берді. Түсі киімге жұқпау керек болса, екіншінің иісі өткір болмауы керектігін айтты.
«Өткір иіс болса, бірден химиялық қосындысы барын аңғаруға болады. Сондай-ақ, ойыншықтың бетін қағазбен сүртіп жіберсең, түсі кетіп қалатын ойыншықтардан аулақ болу абзал. Демек, ондай ойыншықтар 100 пайызға сапасыз екенін көрсетіп, баланың денсаулығына зиян тиетіні белгілі. Алайда балалардың денсаулығына дәл қалай әсер ететінін ешкім білмейді. Бет терісіне аллергия шығады, асқазаны ауыруы мүмкін»-деді Гүлмира Садырова.
Ойыншықтың қағазында міндетті түрде қанша жастағы балаға бұл тауармен ойнауға болады, қауіпсіздік кеңестері, шығарылған күні болуы керек. Оған қоса, тауарды қай компания шығарғаны, Қазақстанға әкелген сатушы компанияның мекенжайы көрсетілсе, тауар сенімді дегенді білдіреді.
Ақпарат қазақ немесе орыс тілінде болады. Сарапшының айтуынша, улы ойыншық қытайша немесе ағылшынша жазылып тұрады екен. Тауардың улы екенін бірден дүкеннен тексеруге болады. Сатып алар кезде сатушылардан тауардың сертификатын талап ету қажет. Ол ойыншықтың қауіпсіз екенін дәлелдейді. Алайда статистика бойынша ата-ана балаларына базардан арзан бағаға сатып алуды жөн көреді екен.
«Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, нарықта контрафакт бар және жасырын түрде сатылатыны да мәлім.
«Біз балалар тауарын сататын жерлерді белгілеп қою керек екенін талай рет талап еттік. Себебі Қытайда ойыншықтар қалай жасалатынын бәріміз білеміз. Зауыттың артындағы арықта киім жуса, сол жерде ойыншықтарды жасай береді. Олардың басты мақсаты - ақша табу. Ата-ана мен баланы қауіпті ойыншықтан сақтау керекпіз. Біз сатып отырған тауарымыз үшін жауапты болуымыз керек», -деді дүкен өкілі.
tengrinews.kz
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз