Ұлы іс отбасынан басталады
Робототехника мектебі Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасөспірімдердің цифрлық сауатын арттыру мақсатында жас жеткіншектерге бағытталған бірегей алаң. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне жалпы саны 60-тан аса бүлдіршін алғашқы сынақ сабақтарына қатысып, IT саласының түрлі бағытынан өз мүмкіндіктері мен білім көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
«Біздің мақсатымыз – 7 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушыларын жастайынан компьютерлік білім алуға, ойын ұшқырлап, логикасын шыңдауға өз үлесімізді қосу. Мектеп бағдарламасы жан-жақты: робототехника, компьютерлік бағдарламалау, анимация, 3D модельдеу, ракетамодельдеу, кодтау, логика, өз бетінше ойын құрастыру сынды түрлі бағыттарда білім беріледі. Әсіресе, қазақ мектептеріндегі балаларға зор көңіл бөліп, оқу бағдарламасын қазақ тілінде жүргізуге икемдедік. Мектептен жан-жақты ақпарат алған тәлімгерлер, мектеп бітіруші жасқа жеткенде, болашақта қандай мамандық иесі болуын өз бетінше таңдап, жаңа технологияларды толыққанды меңгеріп шығады. Ал, заманауи технологияларды меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз. Елімізді көркейтіп, 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосатын негізгі күшіміз – білімді ұрпақ», - деді жоба жетекшісі Мирас Долаев.
Жобаның авторлары жас жеткіншектерге тек ғана жаңа технологияларды үйретіп қана қоймай, үздік тәлімгерлерді республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстыруды көздеп отыр. Ал, жеткіншектерді түрлі байқауларға СДУ университетінің Инженерлік және жаратылыстану факультетінің белді ұстаздары мен түлектері баптайтын болады.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз