Ұлы іс отбасынан басталады
Аталған іс-шараны Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында балалар өздерінің кездейсоқ жарақаттану тәжірибесі туралы айтып, ересек адамдарды балаларға қауіпсіз ортаны қалай құру керек жайлы үйретудің маңыздылығына назар аударды.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына сай баланың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығы - бұл негізгі қағидалардың бірі. Бізді ЮНИСЕФ-те Қазақстандағы балалардың жарақаттану мәселесі алаңдатады. Күн сайын апаттар, өрт жағдайлары, суға батып кету және терезеден құлау туралы жаңалықтарды естудеміз. Тек 2017 жылы ғана жарақаттардың салдарынан 27 мыңнан астам бала ауруханаға жатқызылды, ал 1 283 бала жазым болды. Осы себепті біз Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығымен, Электрондық денсаулық сауқтау орталығымен, статистика комитетімен бірге халықты ақпараттандыру және профилактикалық іс-шаралар жайлы мамандар мен ата-аналарды, балаларды оқыту мақсатында жұмыс жасаймыз. Біз басқа мемлекеттік органдарын, бизнес өкілдер мен ата-аналардың қауымдастықтарын да осы серіктестікке қосылуға шақырамыз, - деді БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова:
Қазақстанда жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар халық арасында өлім-жітім және мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі және жалпы өлім-жітім құрылымында 4-орынды иеленеді, - деді.
Біз балалар жарақатын барынша азайту, оның салдарынан болатын өлім мен мүгедектікті төмендету мақсатында жақын мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп әзірленген нақты іс-қимылдар жоспарымен жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін республикадағы балалар жарақаттанушылығы бойынша ағымдағы жағдай мәселелерін, Қазақстанда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі ҚР заңнамасына және құқық қабылдаушы практикаға, стратегия мен іс-қимылдар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылауды ұсынамын», - деп Зәуре Ахметова өз сөзін қорытындылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар елімізде жарақаттанушылықпен байланысты болып жатқан ағымдағы жағдайды талқылап, халықаралық тәжірибемен және балалар жарақатын төмендетуге бағытталған Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынған стратегия жобасымен танысты.
ЮНИСЕФ және ДДҰ-ның жарақаттанушылық, денсаулық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшысы Джоан Винсентен Қазақстанның 8 өңірінде 0-14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары арасында ЮНИСЕФ өткізген сауалнаманың қорытындылары және ұсыныстарымен таныстырды, сондай-ақ, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша алдағы 3 жылға қойылған қадамдары талқыланды.
Сонымен қатар, балалардың кенеттен алған жарақаттан алдын-алу апталығы аясында жарақат алған балалармен және ата-аналар арасында фокус-топтар өткізілді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз