KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын ұйымдастырудың практикалық аспектілері

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Байболов Мақсат Қайдошұлы
Жаңалықтар
2019-11-25

Гендерлік теңдік - жынысы бойынша кемсітуге тыйым салу туралы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қоғамның заманауи даму талаптарына сай гендерлік бағытта «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» арнайы Заңдар қабылданып, іске асырылуда. Гендерлік теңдік, барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, еліміздің тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі мемлекеттік стратегияның басты басымдылықтары болып табылады. Отбасын нығайтуға, отбасы-рухани құндылықтарды қалыптастыруға, отбасындағы кемсіту мен зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша қажетті барлық шаралар қабылдануда.

Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы) «Отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітуге жол бермеу» міндеті бекітілген және оған қол жеткізу бойынша шаралар қарастырылған. Барлық мемлекеттік билік институттарының, жұртшылықтың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе атқарған жұмыстары нәтижесінде Қазақстанда әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мемлекеттік биліктің басты бағыты болуда.

Әйелдердің құқықтары туралы ақпараттандырудың деңгейін арттыру мақсатында ІІО-ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініс қзыметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді насихаттау жұмысын жүргізуде.

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Әйелдерге арналған құқықтық көмек» атты арнайы бөлім құрылған. Онда әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жоюға қатысты қажетті ақпараттар жарияланған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдардың пәрменді шарасы әкімшілік жауапкершілік институты болып табылады. Ос ретте отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру бойынша да жұмыстар жүзеге асырылуда. Енді полиция қызметкерлері жанжалқойларды 1 айға дейінгі мерзімде жәбірленушімен байланысын шектейтін тыйым сала алады. өз кезегінде құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу кезінде соттар да алкогольдік ішімдіктер, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуға тыйым салу түрінде шектеулер белгілейді.

Дегенмен тұрмыстық қылмыс профилактикасы үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін қолдану арқылы тиімді болатынан көрсетті. Әкімдіктерге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша арнайы ұйымдар құру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысатын үкіметтік емес құрылымдарды қаржыландыру уәкілеттіктері берілді. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жәбірленушілерге аталған қызметтерді бюджеттік қаражат есебінен алу мүмкіндік берілген.

Стандарт шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын идентификациялау Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік қарым қатынастың бар-жоғын бағалау критерийлері негізінде айқындалады. Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға жедел құқықтық және психологиялық көмек көрсету үшін тәулік бойы «150» бірыңғай телефондық желісі және Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі жедел уәкілдің тәулік бойғы «111» call-centre қызметі жұмыс істейді.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде құқықтық ден қоюдың тиісті шараларын қабылдай отырып, полиция органдарында есепте тұрған, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада және қолайсыз отбасында құқық бұзушылықтарға бейім адамдарды тексеру жүзеге асырылады.

Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары базасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, адам саудасы, жөзекшілік профилактикасы және оған кәмелетке толмағандарды тартудың алдын алу мәселелері зерделенеді.

Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне» отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңға қайшы іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер әзірледі.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз