Ұлы іс отбасынан басталады
Швейцария психологі Жан Пиаже адамның өмірді қалай танитындығын зерттеді. Ол сәбидің ой-санасын зерттеу барысында, когнитивті дамудың үдерісі өте баяу жүріп, бірнеше кезеңнен тұратынына көз жеткізгенін зерттеу жұмыстарында айтып кеткен болатын.
Әр бала сананың даму кезеңінен өтеді. Ол білгенін саралап, білмегенін іздейді. Бала ес жетілгелі өзінің ой- пікірін анық айтып, әр жағдайға байланысты сезімдерін дұрыс білдіруді үйренеді. Оның айтуынша 2 жастағы балаларда сенсорлы-моторлы интеллект, 2 жастан 11 жасқа дейін ағза кез келген жағдайға сезімтал болады. Ал 7- 11 жас арасында оқушы ойын толық айта алады.
Ой- санасының жетілуіне кедергі болатын ең басты бөгет ол баланың ата-анасымен қарым қатынасы. Ата-анасының назары жетпеген, әрдайым сөгіс естіп, соққыға жығылатын баланың тұйық болып өсуі жаңалық емес. Дегенмен, ол келешекте оның өміріне кері әсерін беруі әбден мүмкін. Ол өмірге ызалы немесе әр жағдайға негативті көзқараспен қарап, өзін адамдарға ұнамсыз, керексіз сияқты сезінеді.
Когнитивті психологиямен айналысатын мамандар адамның қисынсыз ойларын, қате нанымдарын дұрыстауға, сезімдерін шынайы білдіре алуға, түрлі жағдайлар мен мәселелерді парасатты шешуге көмектеседі. Когнитивті психология - өзіңіз туралы немесе басқа адамдар туралы өз пікіріңізді өзгертуге мүмкіндік беретін ақпарат көзі.
Адамның санасы тек жастайында емес, әр кезде жетіліп отырады. Ол өмірін ізденісте, жаңа әсерлерді қарастыруда өткізеді.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз