KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Игілігі мол әлеуметтік жоба

Еліміз – ұстанып отырған саяси және экономикалық қағидаларын азаматтардың тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған әлеуметтік мемлекет қатарында.
Білім
2018-08-24

2018 жылдың 5 наурызында жарияланған 5 әлеуметтік бастама Елбасының халқына жасаған ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі десек болады. Елдің бірлігін нығайтуға арналған әлеуметтік жобалардың ішінде халықты қолжетімді баспанамен қамту, салық жүктемесін азайту арқылы жұмыскерлердің жалақысын көбейтуге бағыттау, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру сияқты маңызды әлеуметтік жобалар қарастырылған.

Осындай игілігі мол жобаның бірі – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші әлеуметтік бастамасы аясында ағымдағы жылдан бастап білім беру гранттарының саны 20 мыңға артты.

Атап айтқанда, оның 11 мыңы – техникалық мамандықтарға, 5 мыңы – еңбек нарығындағы сұранысқа ие басқа мамандықтарға, 3 мыңы – магистратураға және 1 мыңы  PhD докторларын даярлауға бағытталатын болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 66 389-ды құрады.

Бұдан бөлек, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша жоғары білімі бар мамандарды дайындау құны 346,6 мың теңгеден 635,8 мың теңгеге дейін өсті. Инженерлік кадрларды даярлауға, оның ішінде ақпараттық технология, робототехника және нанотехнология саласына ерекше назар аударылатын болады.

Бұл әлеуметтік реформалар білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында талап етілетін мамандардың жаңа тобын қалыптастырады.

Тағы бір өзекті мәселе, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет үшін өңірлерден қалаларға білім алуға келетін жастарға жағдай жасау маңызды. Республика бойынша басқа қаладан келетін студенттердің жалпы саны 204 869 адамды құрайды.

Білімді жастар – жарқын болашақ кепілі. Бұдан бір жарым ғасыр бұрын Шоқан бабамыз: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеу үшін ең алдымен, азаттық пен білім керек» деген екен. Азаттыққа қолымыз жетті. Енді тәуелсіздік туын биік тұғырға асқақтатқан еліміздің бүгіні мен ертеңі, тынысы мен тіршілігі бұдан былай оның ең басты қазынасы – Қазақстан Республикасы азаматының біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан да әлеуметтік тұрмысы жақсарған еліміздің жастары барлық салада өз үлестерін қосады деген сенім мол.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз