KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Әр балаға 21 мың теңге

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге сомасын бекітуді тапсырды
Жаңалықтар
2019-02-27

Тұрмысы төмен азаматтарға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету - бұл әр елдің әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Әр қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін болашақта емес, дәл бүгін сезінуі тиіс.

Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 111 мың отбасы алып жатыр. Үкіметке мұндай отбасыларға көрсетілетін көмектің талаптарын күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеруді тапсырамын. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің минималдық көрсеткіші 21 мың теңге болсын. Оның үстіне, оны алу үшін әркімнің босағасын жағаламау үшін әлеуметтік көмек көрсету процедурасын барынша жеңілдету керек, - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Оның айтуынша, елімізде бүгінде 340 мыңдай отбасының төрттен көп баласы бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді.

Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Кейбіреуінің жақсы табысы бар, ал кейбірінің табысы аз, сол отбасыларға біз көмек көрсетеміз, осыны ескеру қажет. Миллионерлерге мемлекеттен тағы да әлеуметтік қолдау көрсетудің қажеті не? Бірінші кезекте мемлекет табысы аз отбасыларға көмектесуі қажет, - деді Елбасы.
 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз