KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі

Үлгілі отбасы – Отанымыздың ошағы. Татулығы мықты үй- қоғамның айнасы. Бүгінгі қазақ қоғамындағы ұлт тағдырына қатысты ең өзекті мәселелердің бірі –бала тәрбиесі. Өйткені, бала – біздің болашағымыз, ел ертеңі. Олай болса, бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау – басты міндетіміз.
Мерейлі отбасы
2018-05-04

Нәзік жандылардың мойнына жүктелетін ұлы міндет – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы ана болу оңай емес. Ендеше осындай аналардың қал-жағдайы қалай, қандай жағдайда бала тәрбиелеп отыр, осындай сұрақтарға жауап іздеу мақсатында көп балалы отбасы болып саналатын сержант Руслан Карибаевтың жанұясымен болған кездесуді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Сержант Руслан Карибаев 48386 әскери бөлімінде аға маман - аға оператор болып қызмет атқарады. Ол өзінің қызметіне адал және өз ісін жетік білетін азаматтардың бірі. Оның жұбайы Гүлнұр Садуақасова төрт қыз, бір ұлды дүниеге әкелген. Бұйырса, үстіміздегі жылы алтыншы баласының кіндігін кеспекші. Үш жеткіншек мектеп қабырғасында оқыса, екеуі аналарының қасында, әлі мектеп жасына толмағандар.

Гүлнұр бар уақытын балаларына арнап, олардың тәрбиесін көңіл бөлуді өз мақсатына айналдырған. Ерлі-зайыптылар ұл-қыздарын жұрт қатарынан қалдырмай, тәрбиелеуге тырысады. Екеуінің берген тәрбиесінің нәтижесі болса керек, балалары бірінен-бірі әр нәрсені қызғанып, әдемі киімге таласпайды. Зат үшін қабақ шытысқанды көрмейсіз.

Осылайша, Карибаевтар бүгінгі қым-қуыт заманда қажырлы қызмет етіп келеді.  

Бала бақытының кепілі - ата- ананың өнегелі тәрбиесінде. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен, отбасында, ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.

sarbaz.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз