KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қаржыны игеру мәселесі сынға түсті

Елбасы биылғы Жолдауында халықтың табыс пен тұрмыс сапасын арттыруды негізге алып, олардың әл-ауқатын жақсарту жолында көзделген мақсаттарды айқындап берді. Ең төменгі жалақыны көбейту мен жеке кәсіп иесі атанудың бар мүмкіндігін саралай түскені де әрбір қазақстандық азаматты еңбек етуде жігерлендіре түсуі тиіс. Ал Елбасы атаған міндеттерді халық игілігі үшін уақытылы және жүйеле түрде орындап, нәтижесін көрсетуде атқамінерлердің жауапкершілігі де арта түскені ешкімге жасырын емес.
Жаңалықтар
2018-10-30

Мәселен, Үкіметтің кезекті отырысында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында аталған «Шағын несие беруді көбейту» тапсырмасы толық орындалмай отырғаны және бұл алдымен Үкіметке, әкімдіктер мен «Атамекен» палатасына сын екені айтылды.  

Президент міндеттеген жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді. Тек шағын несие беру ісі көңіл көншітпейді. Өңірлерге тиісті қаражат бағытталса да «кәсіп бастаймын» дегендер аз. Яғни қазынадан бөлінген қаржы игерілмей отыр. Үкімет басшысы бизнес үшін бағытталған ақшаны ұзатпай осы айда мақсатты түрде жарату керектігін айтты. Тіпті 5 әлеуметтік бастама бойынша атқарылып отырған шаруаларға енді ай емес, апта сайын мониторинг жүргізілетінін Бақытжан Сағынтаев қоса мәлімдеді. Елбасы 5 әлеуметтік бастамада мемлекет есебінен оқитын студенттер санын арттыру қажеттігін міндеттеген еді. Биыл қосымша 20 мың грант бөлінді. Сан өскенде сәйкесінше жатақханалар қажет. Сағадиев мырза студенттер үйі үшін қазынадан 153 миллиард теңге қарастырылғанын жеткізді. Бұл аз ақша болмасада, жатақхана тапшылығы жуық арада толығымен шешіле қоймасы анық. Мұны министр де жасырмады. Оның бәріне 10 жыл беріліп отыр ғой. Келесі жылға тек 5 мың орынға қаражат қарастырылған.

Бес әлеуметтік бастама аясында толық атқарылмай отырған шаруа осы. Яғни шағын несие беруді үдету қажет. Жатақхана жетіспеушілігін жыл оздырмай шешуі тиіс. Үкімет отырысында қаралған келесі мәселе – тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалуы.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері 414 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылған. Алайда жұмыссыздық 4,9 процент деңгейінде сақталып отыр. Қаңтар-қыркүйек аралығындағы орташа айлық жалақы 158 мың теңгені құрады. Мал шаруашылығы 4 процентке артып, сыртқы сауда айналымы өсті. Мәселен, экспорт – 39,  импорт шамамен 21 миллиард долларға ұлғайған. Ал теңге бағамы жыл басынан бері 11,3 процентке әлсіреген. «Бұған себеп – сыртқы фактор». Инфляция 5-7 процент деңгейінде сақталып отыр. Бірақ келесі жылы төмендемек,  – деді Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы:

2019 жылы инфляция бұрынғыға қарағанда төмендейді. 4,6 процент шамасында болады. Бұл ішкі сыртқы факторларға байланысты. Құрылысқа тоқталайық. Ел ішінде 9 айда 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жылдық жоспар осы кезде 73 процентке орындалып тұр. Жақсы көрсеткіш. Мұндай ақжолтай жаңалықты Скляр мырзаның өзі мемлекеттік тілде айтып, марқайтып тастады. Дегенмен халықты баспанамен қамту барлық өңірде қарқынды деуге келмейді.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі республиканың 2 өңірінде байқалды. Қызылорда облысында 86,3 пайыз және Астана қаласында 89,7 пайыз. 

Тұрғын үй тақырыбында Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың «7-20-25» бағдарламасы аясында Тараз қаласының тұрғындары үшін 686 пәтер дайын тұрғаны туралы айтқан ақпаратты да түртіп өткен жөн.   

Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 гектар аумақта жаңа екі шағын ауданның құрылысы басталды. Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталады. Биыл көппәтерлі 10 тұрғын үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 тұрғын үй (1 380 пәтер) пайдалануға беріледі», –  деп атап өткен еді А. Мырзахметов. 

Бұл да өңірдегі қаржының тиімді игеріліп жатқанынан хабар береді.

Жалпы қазынадан бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы көңіл көншітпейді. Айталық, 9 айда 47 миллиард теңге игерілмеген. Жаңа тағайындалған Қаржы министрі Әлихан Смаилов көп ақшаны жарата алмай отырғандарға «жыл аяқталып келетінін» ескертіп өтті.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

Жыл аяқталуға санаулы күн қалды. Барлық әкімшіліктерді бюджетте қаралған қаражатты толығымен игеру сұрағын басты назарға аударуға шақырамын.  Сонымен, қыруар қаржыны игере алмай отырғандар кім? Тізбектеп өтейін. Мәдениет және спорт министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Жоғарғы сот. Бақытжан Сағынтаев 9 айдың қорытындысы бойынша қаржыны игермеген органдардан ақша кері қайтарылатынын айтты. Ол қаражат қайта жақсы жұмыс істеп отырған белсенді органдарға бағытталады. «Бұл істі Парламентке бармай-ақ, өзіміз шеше береміз», – деді Үкімет басшысы.


 

 

 

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз