KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Қазақ шапанын киген әлем спортшылары

6 сәуір даму мен бейбітшілік игілігі үшін Халықаралық спорт күні болып белгіленді. Осы аптада әлем спортында қазақстандық жанкүйерлердің бастамашыл тобының атынан Криштиану Роналдуға қандай сыйлық беру керектігі талқыланды. "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы - Криштиану Роналду бөркімен бірге эксклюзивті шапанды сыйға алды. "Отбасым" редакциясы тағы да қандай әлем спортшыларының қазақ шапанын жамылып, бірегей сыйлыққа ие болғанын саралап көрді.
Дәстүр
2018-04-06

1. Соңғы жылдары дәл осы Геннадий Головкиннің арқасында бүкіл спорт әлемі қазақтың ұлттық шапаны қандай болатынын білген тәрізді.

Фото: Vesti.kz

2. Кейбір шолушылардың пікірінше,  қытайлық боксшы Бай Шан Бо (этникалық қазақ Бейсенбі Насиоллаұлы) рингке шығар алдында Геннадий Головкинге еліктеп,  қазақ шапанын киіп шығатын көрінеді.

Фото: boxingmonthly.com

3. Атақты боксшы Майк Тайсон 2010 жылы өз туған күнін Қазақстанның астанасында атап өтіп, қазақ шапанын сыйға алған екен.

Фото: Никита Басов

4. Американдық боксшы Рой Джонс өзінің бокстық турнирлерінің бірінде Қазақстанға келген.

5. КСРО бапкері Ғалым Жарылғаповтың немересі Әлихан филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяоға шапан жапты.

Фото: Әлихан Жарылғаповтың жеке мұрағатынан

6. Ресейлік және америкалық кәсіби боксшылар Олег Маскаев пен Рой Джонс та осы керемет сыйлыққа ие болды.

Фото: Vesti.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз