Егер де Сіз бетіңіздің жас әрі сау болып сақталғанын қаласаңыз, оған күн сайын белгілі уақыт бөліп отыру керек. Ол үшін қарапайым ережелерді ұстанып, ішкі жан әлеміңізге де мән беріп тұруыңыз қажет.
Мамандар бет терісін қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін 7 кеңес ұсынады:
Ұйқы алдында бетіңізді жуып жатыңыз. Себебі адам бетінің терісінде май, косметика, кірлер жиналып қалады. Косметологтардың айтуынша, кір жиналып қалуының себебінен адам бетінде түрлі жаралар пайда болып, тері астындағы минералды заттар мен ауа өту мүмкіндігі азаяды.
Бетіңізді арнайы косметикалық құралдармен жуыңыз. Сабынмен ғана жуу адам бетінің терісін жансыздандырып, нәтижесінде құрғатады.
Жүзіңіздің терісін ультракүлгін сәулелерінен қорғаңыз. Ультракүлгін сәулелер терінің қартаю үрдісін тездетеді. Сонымен қатар қыс мезгілінде де суықтан қорғау үшін SPF факторлары бар арнайы кремдерді пайдаланыңыз.
Бет терісінің типіне байланысты крем қолдану – әр әйелдің күнделікті бет күтімі үшін қажетті құрал. Дұрыс таңдалған жоғары сапалы крем – жарқын жүзіңіздің кепілі.
Күн сайын теріңіздің ылғалданғанын қалайсыз ба? Оның оңай жолы бар. Күн сайын 6-10 стакан су ішіп отыруыңыз қажет. Шай немесе кофе, шырын емес, тек ауызсу ішу – терінің ылғалдылық деңгейін ұстап отыруына септігін тигізеді.
Сабырлы болыңыз! Сіздің күнделікті күтіміңіздің нәтижесін тек 8 аптадан кейін көріп жатсаңыз, көңіліңізді түсірмеңіз. Себебі адам физиологиясындағы өзгерістер екі ай ішінде нәтижесін беретіндігі дәлелденген. Тәжірибелі косметологтың кеңесімен өзіңіздің ерекшеліктеріңізге сай косметика қолданыңыз.
Қорытындысында айтарымыз: Сіз өзіңіздің теріңізді күту тым қиын екен деп ойламаңыз. Косметологтардың көмегімен жасалынатын тазалау үрдістері кейде беттің қорғаныш бөлігін жойып тастап, белгілі тері ауруларына ұшыратуы мүмкін.