Ұлы іс отбасынан басталады
Орталықтың «Open space» алаңы барлық қажетті қызметтерді біріктіреді. Атап айтқанда, астаналық тұрғындарға жұмыс табу, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты және толық ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй алу мәселелері, бизнесті ашу және мемлекеттік қолдауға ие болу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қадамдық және жүйелі кеңес немесе көмек көрсетеді. Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді, олар 70-тен астам қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда, орталық мамандары қала тұрғындарына АӘК алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке қою, қамқоршылықты орнату, жәрдемақылардың барлық түрлерін және т. б. алу мәселелері бойынша қызмет көрсететін болады.
Мұнда «Кәсіпкер ана» деп аталатын аналарға арналған, олардың бизнесін дамыту жөніндегі қолдау орталығы да орналасқан. Оның мамандары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға өз кәсібін ашуға жан-жақты көмек көрсететін болалы.
Осы жұмыс аясында, өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін табысты әйелдермен «Self made» мотивациялық бизнес тренингтер өтеді.
Сонымен қатар, орталықта қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары бекітілген кестеге сәйкес жүргізетін болады.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз