KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Алақандағы сызықтар сыры

Бағзы заманнан бері адамзат біз кімбіз, не үшін туылдық әрі өз-өзіңді қалай танып білу керек деген сұрақтарға жауап іздеп келеді. Біздің үнемі жауабын білгіміз келетін нәрсе: тағдыр дегеніміз не, өмір жолындағы оқиғалар маңдайға жазылып қойған ба, әлде кездейсоқ бола ма? Осындай сансыраған сан сауалдың жауабын іздеуде ғылым мен жалған ғылым пайда болды, алайда біз табандылық пен төзімділігіміздің арқасында сәйкестіктерді, ұқсастықтарды іздеп, зерттеп, оларды табатынбыз.
Денсаулық
2018-07-18

Бүгінде фаталистер қатарында астрология, нумерология және хиромантия сияқты едәуір танымал ағымдар бар. Астрология мен нумерология саласындағы мамандар жұлдыздардың қозғалысы мен сәйкесінше сандардың әсеріне сүйене отырып, оқиғаны түсіндіреді және болжайды. Ал  хироманттар тек алақандағы сызықтарға мұқият қарап қана тағдырды болжап біле аламыз деп есептейді.

Хиромантия ғылымы айтарлықтай күрделі екендігін айту керек, алайда бір нәрсені оңай байқауға да болады. Ол үшін алақаныңызды бір-бірімен беттестірсеңіз, алдыңызда ұзынды-қысқалы, қисық-сынық сан алуан сызықтардың картасы ашылады. Бірінші сызықты – ең ұзынын таңдап, оның сол қолдағы орналасуын оң қолдағымен салыстырасыз.  

Егер сызықтар бір деңгейде тұрса, онда сіздің ниетіңіз үнемі салмақты, әрі сіз тұрақты қарым-қатынасты жөн санайсыз. Әрқашан адал жүріп, өмірдегі күрт өзгерістерден алшақ болуға тырысасыз. Өзгелердің пікіріне құлақ асасыз.

Оң қолдағыға қарағанда төмендеу орналасқан сол қолдағы сызық сіздің романтикалық әрі ынтыққан махаббатты іздейтін тұлға екеніңізді сипаттайды. Жай ғана сүю – сізге арналмаған. Сүйікті адамыңыз туралы сөз болғанда, нағыз альтруистсіз. Ерекше дамыған алтыншы сезіміңіз сізге көптеген адамдардың шынайы бет-бейнесін көруге көмектеседі.

Ал егер оң қолдағы сызық сол қолдағыдан төмен болса, онда сіз салмақты қарым-қатынастарға мүлдем бас қатырмайсыз, және сізді ақжүрек адам деп айтуға болмайды. Сөйте тұра сіз тәуелсіз, өз-өзіне сенімді, кез келген қиындықтан қиналмай шыға алатын адам болып саналасыз.  Сіздің ілтипатыңызға тек өзіңіз таңдаған жан ғана қол жеткізе алады.  

Алақандағы бір сызық тағдырымыздың барлық құпиясын аша алмасы анық, дегенмен кейде өзімізді мазалайтын сауалдардың құпиясын ашуға бағдар бере алады. Хиромантия қағидаттарына сүйенсек, біздің алақанымыз – алып әлем, онда бірдей уақытта өткеніміз де, бүгініміз де, келешегіміз де көрінеді. Өрілген өрнектер мен жіңішке сызықтардың астарына адамның жан-дүниесі мен ұмтылысы негізделген. Осы ілімді танып білуге апаратын жолды тауып, біз өз-өзімізді жетілдіре алғандаймыз.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз