Ұлы іс отбасынан басталады
Тостер, микротолқынды пеш, электр пеші, кір жуатын машина, кофеқайнатқыш, тоңазытқыш, шаңсорғыш, үтік, фен, теледидар, компьютер, ұялы телефоннан тарайтын толқындар электромагниттік өріс туғызады. Бұл ми талшықтарының зиян шегуіне және тозуына себеп болады. Электрлі жиhаздармен көп уақыт өткізген жағдайда туындайтын бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналу, таңдайдың құрғауы, ұмытшақтық, тез ашулану өзгерістері- адамның бұл заттарға аллергиясы бар екендігінің негізгі белгілері.
Осы тұрғыда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы электрлі жиhаздарды қолдану ережесін дайындап шығарды. Бұлардың қысқаша мазмұны:
-Теледидарды кемі 180 см ұзақтан көру керек. Компьютердің де теледидардың да жанында не артында тұрмау керек;
-Компьютер экранынан 90 см ұзақта отырып жұмыс істеу керек;
-Ұялы телефонды қолданбайтын кездерде өшіріп қою керек. Телефон шалған уақыттарда да телефонды денеден ұзақ ұстап жауап түймесін басу және құлаққа қатты жақындатпау қажет;
-Зарядтайтын құралды алыс ұстау керек;
-Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрғанда 1 м-дей ұзақта тұру керек;
-Ксерокөшірмеден де кем дегенде 50 см ұзақта тұру керек;
-Жоғары дыбыста музыка тыңдамаған жөн;
-Феннің магниттік өрісі өте жоғары.
Қай жағдайда электрондық құрылғыларды мүлдем пайдалануға болмайды?
Бала ұйқыға кетер алдынды 1 сағат бұрын электрондық құрылғыларды мүлдем пайдаланбаған абзал. Оладың экран жарығы адам ағзасындағы ұйқы гормоны – мелонинның азаюына алып келеді. Бұл жағдайда баланың ұйқысы шала болады.
Қарап отырсақ, бүгінде өмірге қажетті технологиялар көптеп еніп телекоммуникация жүйелері жаңарды. Адамзат игілігіне арналған бұл жаңалықтар, әрине, пайдалы. Дегенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістердің адамға пайдасы ғана емес кері әсері де бар. Әсіресе, ұялы байланыс пен компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына тигізер зияны ерекше. Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік өрістер адам ағзасына біраз жиналып барып, оның әсері 5-10 жылдан соң бірақ пайда болады. 3- 6 жас аралығындағы балалар үшін электромагниттік өріс әсері тіптен зиянды. Өйткені, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ересектер де көп қолданса алдымен қан қысымы көтеріліп, жүйке, ісік ауруларына шалдығуы мүмкін.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз