KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Тұңғиық ғарыш әлемі

Бүгін - ғарышкерлер күні. Атаулы күннің еліміз үшін алар орны айрықша. Өйткені, 1961 жылы 12-сәуірде адамзат тұңғыш рет қазақ жерінен ғарышқа аттанды.
Мәдениет
2018-04-12

Қазақ елінен Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ағаларымыз салып берген сара жолды Айдын Айымбетов те жаңғыртты. Бүгін осы атаулы күнде, ғарыш кеңістігіне жасаған сапары бойынша жастармен бөліскен әсерлі әңгімелері жайында ой қозғауды жөн санадық.

Қазақтың жері кең байтақ

«Ғарыштан жерге қарағанда көркімен көз тартқан жер болды ма?» деген сауалға ұлтжанды ғарышкер:

– Болды. Ол – кең байтақ Қазақ жері. Өйткені қазақ жерінде өзен мен көл, тау, ну орманға оранған аймақ пен шөлейт жерлер бар. Осы табиғат ананың ғажайып үйлесімі ғарыштан көзге бірден шалынады. Бұл – шын сөзім. Сеніңіздер. Сонымен қатар, ғарыштан өзге ғаламшарларды тамашалауды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біздер атмосфера қабатынан өзге ғаламшарларды мүлде көре алмаймыз. Ғарышта мұндай кедергі болмағандықтан өзге ғаламшарларды анық көруге болады. Марс, Юпитер, Сатурн бәрі-бәрі қол созым жерде тұрғандай әсерге қалдырады.

Ғарыштан оралғаннан кейін дүниетанымында орын алған өзгеріс жайлы 

– Ғарышқа ұшқанда қорқыныш болмаса да, қобалжу сезімі болды. Өз басым талай ұшу-жаттығуларынан өтіп, бойымдағы қорқынышымды жеңдім деп ойлаушы едім. Бірақ «Союз ТМ-18М» кемесіне мініп, барлық люктер жабылып, алып машина от алғанда біраз қобалжыдым. Өйткені, 200 миллион аттың күші бар алып зымыран дірілдеп, жерден көтерілгенде, оның күш-қуаты кімді болса да қобалжытар еді.

Арманы

Көпшілік тарапынан жиі қойылатын «Ұшқыш, ғарышкер болуды бала кезіңізде армандадыңыз ба?» деген сұраққа қазақтың үшінші ғарышкері былайша жауап береді екен:

– Адамзат баласы алғаш рет ғарышқа ұшқан қазақ топырағанда туған балалар секілді мен де ғарышкер болуды армандадым. Кейіннен есейіп, жоғары сыныпқа аяқ басқанда ізгі арманымды іске асырудың жолдарын қарастыра бастадым. Кеңес заманында ғарышқа ұшқан азаматтардың көпшілігі әскери ұшқыштар еді. Сондықтан ғарышкер болу үшін алдымен әскери ұшқыш болу керек екенін түсіндім.

Күреспен айналысқан адамдардың ғарышқа ұшқанда организмі ғарыш кеңістігіне тез бейімделетінін біліп, біраз жыл күреспен де айналысқан кездерім болды. Өз басым ғарышқа қазақ жастарының ұзақ мерзімге ұшқанын қалаймын. Себебі, менің жасымда ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт аялдау қауіпті. Ғарышкер мейлінше жас болса, ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болатын мүмкіндігі бар. Сондықтан қазақ жастарының ғарышқа ұшқанын қалаймын.

Бүгінде әлем елдерінің барлығы дерлік, ғарышты игеруді адамзат қиялын іске асыруға негізделген жоба деп қана емес, саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімділігін ұғынды. Жаһандық жаңалық әкелетін бұл саланы игеруде қазақ елінің азаматтары да, алдыңғы аға буын өкілдері сияқты өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Дайындаған: Нұрлан Жұмахан
365info.kz

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз