Ұлы іс отбасынан басталады
Ана мен бала өлімі көрсеткіштері басым көрсеткіштер болып табылады, ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.
Ана мен бала өлімін төмендетуде айтарлықтай оң динамикаға қол жеткізілді.
1998-2018 жылдардағы кезең үшін ана өлімі көрсеткіші 6 есеге төмендеді (1998 ж. – 100 мың тірі туған нәрестелерге шаққанда 77,5; 2017 ж. – 12,5).
2000 жылы ана өлімі себептерінің құрылымында аборттар көп болды – 26,9%, акушериялық қан кетулер – 20,9%, преэклампсия және эклампсия – 13,4% құрады.
2017 жылы ана өлімі жағдайларының негізгі себептері экстрагениталдық аурулар – 40,8%, преэклампсия және эклампсия – 14,3%, акушериялық қан кетулер – 6,1% және сепсис – 6,1% болып табылады.
Балалар өлімінің көрсеткіші 2,7 есеге төмендеді.
5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіші 2,4 есеге төмендеді (2000 ж. – 24,9; 2017 ж. – 10,24).
Әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту, ана мен бала өлімін төмендету үшін Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі шараларды іске асыруда.
Министрлік пен өңірлер әкімдерінің арасында Облыс халқы денсаулығының жай-күйін жақсарту жөніндегі меморандумдар жасалды, негізгі нысыналы индикаторлардың бірі ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету болып табылады.
Ана өлімінің әрбір жағдайы бойынша Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жоспардан тыс сараптама және құпия аудит жүргізеді.
Ана өлімінің әрбір жағдайын сараптау және талдау нәтижелері Денсаулық сақтау басқармалары мен республикалық бейінді орталықтардың қатысуымен Ана мен бала өлімін төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабта қаралады.
Сонымен бірге 8 өңірде, яғни Астана қаласында, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл және Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Карағанды облыстарында әкімдер орынбасарларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваның төрағалығымен ана мен нәресте өлімінің жағдайлары бойынша Республикалық штабтың көшпелі отырыстары өткізілді. Жылдың соңына дейін барлық өңірлерде Республикалық штабтың көшпелі отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ана өлімін төмендету жөніндегі шараларды қабылдау мәселелері бойынша облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың төрағалығымен кеңестер өткізілді.
Дәлелді медицинаға негізделген халықаралық технологиялар – тиімді перинаталдық көмек, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу практикаға енгізілді, сондай-ақ перинаталдық көмекті өнірлендіру – жүктілік пен босану ағымының қауіп дәрежесіне сәйкес жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету мен күтім жасау көлемі бойынша босандыру стационарларын үш деңгейге бөлу сияқты ұйымдастыру технологиялары енгізілді.
Балалар өлімін бағалау бойынша 2014 жылы БҰҰ сарапшыларының ведомствоаралық сарапшылар тобы Қазақстанда балалар мен нәрестелер өлімін тіркеудің дұрыстығы мен обьективтілігін растады.
2017-2018 жылдары ҚР-да акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары әзірленді және бекітілді.
Жұмыс тиімділігін арттыру және ҚР-да 2016-2019 жылдарға арналған босандыру және балалар қызметінің интергацияланған моделін енгізу бойынша Жол картасын орындау және Босандыру және балалар қызметінің интергацияланған моделін енгізу жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Алматы және Астана қалаларының республикалық ғылыми орталықтары мамандарының консультациялық көмекті ұйымдастыруымен жүкті, босанатын және босанған әйелдердің қиын жағдайларына мониторинг жүргізіліп, санитариялық авиация желісі бойынша облыстық және республикалық деңгейге уақтылы ауыстыруды бақылау күн сайын жүргізіледі.
ҚР-да 2018 жылдың 9 айында медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында, оның ішінде 210 жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, 298 жаңа туған нәрестеге, 374 балаға кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайлары, санитариялық авиация бойынша әуе санитарлық көлігімен 2069 ұшу жүзеге асырылды.
Әрбір өңірде перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларының базаларында жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейді. 80% астам босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін мекемелер мен балалар ұйымдарының медицина қызметкерлері ДДҰ ұсынған тиімді технологиялар бойынша оқытылды.
Перинаталдық көмекке бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қаралды және 248 клиникалық хаттама бекітілді, медициналық ЖОО-ларда және колледждерде жұмыс оқу бағдарламалары өзгертілді.
Бекітілген халық тіркелімі, Стационарлық науқастардың тіркелімі, Диспансерлік науқастардың тіркелімі және Фертильдік жастағы әйелдер мен жүкті әйелдердің тіркелімі медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу және интеграциялау арқылы мониторинг және жедел ақпарат алуды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ана қауіпсіздігі мен балалық шақты қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін төмендету мақсатында жүктіліктің 12 аптасына дейінге мерзімде жүктілік бойынша есепке тұруға ерте келу анада болатын экстрагениталды созылмалы ауруларды анықтауға және емдеуді бастауға, сондай-ақ ерте медициналық-генетикалық диагностика және ұрықтың дамуының туа біткен аномалиялары профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, босану мекемелерінде ерте мерзімде уақтылы есепке тұрған жүкті әйелдердің үлесі 31,3% ұлғайды.
20 жыл ішінде босанулар санының 1,7 есеге өскені байқалады. Осылайша мамандандырылған босану мекемелерінде, өзге медициналық мекемелерде, соның ішінде үйдегі босанулар саны 2017 ж.- 391 281 (1998 ж. – 227 400) құрады.
Үйде босану саны 3,5 есеге төмендеді (жалпы босану санынан 1998 ж. – 0,46%; 2017 ж. – 0,13%).
Сонымен бірге жүкті әйелдер арасында АИТВ-ның таралу деңгейінің 100 жүкті әйелге шаққанда 1998 жылы 0,001-ден бастап 2017 жылы 0,17-ге дейін өсуі алаңдаушылық туындатады.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз