KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Елордада заңмен байланысқа түскен балалар мәселесі талқыланды

Республикалық жиналыста заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
2019-04-30

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар қатысты.

ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсаинов заңнамадағы негізгі өзгерістер және осы өзгерістердің заңмен байланысқа түскен балалардың құқықтарын қорғаудағы әсері туралы айтып өтті.

Заңдағы басты өзгерістердің бірі - ұлттық алдын-алу механизмі мандатының кеңеюі, ол балалар құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдар қатысатын объектілер, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді қосу арқылы жүзеге асады-деді ол.

Жиынды ұйымдастырушылар құқық бұзушылық жасау қаупі бар балаларға қызмет көрсетудің балама үлгісі туралы бейнероликтерді ұсынып, әділсот жүйесіндегі балалармен жұмыс істеуге қатысты анықтамалықтар таратып, заңмен байланысқа түскен балалар, ата-аналар мен мамандарға арналған ақпараттық чек-листтер мен брошюраларды ұсынды.

Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар тарапынан 2019 жылғы 1 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрсетілген оң өзгерістердің маңыздылығы атап өтілді. Осындай өзгерістер қиын жағдайға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамытуға жақсы негіз болып табылады, себебі бала құқықтарымен айналысатын ұйымдарды құру мен олардың жұмыс істеуіне қатысты мәселерді жан-жақты шешуге бағытталады.

Бұдан өзге, балаларды қайта әлеуметтендіру мен тәрбиелеу, кәмелетке толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілінің міндеттерін негізсіз орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау сияқты өзгерістерді қамтиды.

Жаңа заңнамалық нормалар қиын өмірлік жағдайларға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларды қолдау және оңалту тетіктерін жетілдіреді,- деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный.

Сонымен қатар, ол қиын өмірлік жағдайдағы балалар үшін кәсіби және жоғары кәсіби қызметтерді күшейту арқылы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуды жалғастыру қажет екенін айтып өтті.

Мұндай қызметтерді дамыту кезінде Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген халықаралық принциптерді сақтау маңызды, бұл бала мүддесін қорғау, конфиденциалдықты қамтамасыз етуді және кемсітушілікке жол бермеуді қамтиды, - деді ол.

Жиында қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе заңмен байланысқа түскен балаларға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі отандық және халықаралық тәжірибелері қарастырылды. Қатысушылар заңмен байланысқа түскен балаларға қызмет көрсетудегі практикалық аспектілер мен стандарттарды, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын талқылады.

Іс-шараға қатысушылар заңнамаға қатысты қабылданған түзетулерді ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғауда алдағы уақыттағы әрекет жасау жоспарын бекітті.

 

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз