KZ RU

ЖАҢА НӨМІР

ОҚУ

×
×
Выделенный текст:
×

Ұлы іс отбасынан басталады

Астананың 265 тұрғыны емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланды

Тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны аясында 280 астаналық азамат жаңа емдеу мекемелеріне тіркелді, олардың 265-сі – бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемені және маманды еркін таңдау құқығы арқылы таңдады.
Жаңалықтар
2018-10-23

Бұл туралы науқанның алдын ала мониторингін жасаған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы мәлімдеді. Тіркелген тұрғындар саны бойынша қалалық №1, №2 және №9 емханалар көш бастап тұр. Қор филиалының директоры Н.Қабдықапаровтың айтуынша, науқанға шамамен 44 емхана қатысады. Дегенмен, олардың ішінде тұрғындарды емханаларға тіркеу талаптарын бұзу жағдайлары да кездеседі. Айтап айтсақ, қажетті құжаттар тізімінің толық болмауы, туу туралы куәліктің орнына жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) берілуі. Бұл ретте жеке сәйкестендіру нөмірі құжат болып табылмайтындығын ескерген жөн.

«Жоғарыда аталған қателер емханаға тіркелу барысына кедергі келтіретіндігі белгілі. Сондықтан барлық азаматтар өтініш беру кезінде мұқият болулары тиіс», - дейді Н.Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетсек, тіркеу науқаны кезінде емханаларға тіркелген азаматтар, медициналық қызметтерді келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ала алады, емдеу мекемесі мен медициналық сақтандыру Қорының арасында қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт бекітілуі тиіс. Ал сол уақытқа дейін азаматтар бұрын тіркелген емхананың қызметтеріне жүгінуді жалғастырады. Егер азамат тіркеу науқаны кезінде емханасын ауыстырмаса, сол тіркелген емханасында тіркеуде тұра береді. Жаңа емханаға тіркелген кезде бірыңғай жүйе азаматты бұрынғы емханасындағы тіркеуден автоматты түрде алып тастайды. Жалпы тәжірибе дәрігерін, учаскелік дәрігер - терапевті еркін таңдауға келер болсақ, тіркелген емхана аясында учаскеге тіркелген азаматтар санына қарай жүргізіледі.

Тіркеу науқанының аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды. Ережеге сай емханаға жылына бір рет тіркелуге болады. Бірақ бұл уақытша немесе тұрақты тіркеуін қайта рәсімдеген, немесе қаланың басқа ауданына көшіп келген азаматтарға қатысты емес. Емханаға тіркелу мерзімі шектелмеген, медициналық қызметті жылдан жылға бір жерде алу үшін бір рет өтініш рәсімдеу жеткілікті.

Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз