Ұлы іс отбасынан басталады
Бір айлық баланың жұдырығын жұмуынан бір күндік баланың жұдырығын жұмуы күштірек.
Жаңа туылған нәресте жасыл түс пен қызыл түсті көргенмен, көк түсті көре алмайды.
Статистика бойынша ана сүтімен қоректенген балалардың тісі сирек қисық болады.
Баласы көп әке мароккалық сұлтан Исмаил. Оның қазіргі таңда 548 ұлы және 340 қызы бар.
Статистика бойынша 3-4 жасар балалар күніне 12000 сөз айтса, шамамен 900 сұрақ қояды екен.
Швецияда 12 жасқа дейінгі балаларға бағытталған жарнамаларға заңмен тыйым салынған, өйткені бұл жаста балалар кез келген нәрсеге бірден қызығады. Бұл олардың психикасының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін екен.
Ең ескі ойыншыққа 3000 жыл. Ол бұрынғы Парсы жерінен табылған, қазір Франциядағы Лувр мұражайында сақтаулы.
Жапонияда балаларға қатысты «жаман», «бұзық» деген сөздерді қолдануға мүлдем тыйым салынған.
Ұлыбританияда біреудің баласына ескерту жасауға қатаң тыйым салынған.
Дүниежүзінде «балаларды қорғау күні» бір күн болса, Сейшел аралдарында бір ай балалар күні болады екен.
Ең көп егіздер дүниеге келетін мемлекет Нигерия. Онда босанған әрбір 11 әйелдің біреуі егіз туады екен. Ал ең аз егіздер дүниеге келетін мемлекет - ол Жапония. Оларда 250 ананың біреуінде ғана кездеседі.
Бүгінде әлем бойынша ең көп таралған есімдердің бірі – Мұхаммад. Себебі мұсылман отбасындағы бірнеше балалы ата-ана, тым болмаса бір баласына осы есімді береді.
Балалардың құқығы мен еркіндігі жағынан Канада бірінші орында тұр.
Біз сіздермен «Otbasym.kz» порталындағы басты жаңалықтармен бөлісіп отырамыз